• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Сәуір 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Бизнес алпауыттарының қатысуымен жоба басталды

26.02.2021
0

    Түркістанда бизнес алпауыттарының қатысуымен елімізде алғаш рет «Кәсіпкерлік Қырандары» пилоттық жобасы бастау алды. Ерекше форматта өткен жаңа шоу – жобаның мақсаты – инвесторлардың көмегімен микробизнесті, стартаперлерді, «Бастау Бизнес» түлектерін қолдау. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен телевизиялық жобаның алғашқы түсірілімінде белгілі бизнес мэтрлерінің алдында жас кәсіпкерлер өз бизнес — жобасын қорғап шықты. Таңдауы түскен түркістандық жас кәсіпкерге инвесторлар қаржы құйып, бағыт берді.     Мол табыс табудың қыр-сырын үйретіп, кәсіптің өркендеуіне үлес қосуға өңір кәсіпкерлері қолдау көрсетті. Тұңғыш рет қолға алынған ерекше жобаға Қ.Абасов, Н.Әбішев, С.Арапбаев, А.Ахметов, С.Ертаев, Т.Мұратов, М.Рисметов, И.Намазбаева, Б.Серманизов сынды өңірдегі ірі бизнесмендер қатысты. Тартысты жобада кәсіпкерліктің «жілігін шағып, майын ішкен» майталмандардың алдында жас кәсіпкерлер өз жобаларын қорғап шықты. Ток-шоу бағдарламасы наурыз мерекесінде «Turkistan» телеарнасының алғашқы эфирінде жарыққа шығады.      «Кәсіпкерлік Қырандары» телевизиялық ток-шоу бағдарламасының алғашқы түсіріліміне қатысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің жас және өршіл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мүмкіндігі үшін инвесторларға алғыс айтты. Облыс басшысы кез-келген өңір экономикасының негізгі драйвері ретінде шағын және орта бизнестің ерекше рөлін атап өтті. Жобаға қатысушы жастармен тілдесіп, жігерлендірді.      «Кәсіпкер болу үшін жүрек керек, батылдық керек. Ол үшін өзі таңдаған саласында біліктілік пен кәсібилік керек. Кәсіпкерлер күнделікті тәуекелге барады. Сондықтан екінің бірі кәсіпкер бола алмайды. Елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл сала Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Мемлекет басшысының ерекше назарында. Өздеріңіздей, жас та болса жеке кәсіптің тұтқасын ұстауға құлшынған азаматтарды қолдаймыз», – деді Өмірзақ Шөкеев.         Облыс басшысы өз сөзінде стартаперлердің, жас кәсіпкерлердің жобаларын және әлеуметтік жобаларды қолдау бойынша соңғы екі жылда қабылданған шараларға тоқталды. Айта кету керек, инвесторларға өңдеу өнеркәсібі, тамақ және ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және туризм салаларындағы 60-қа жуық әлеуетті жобалар таныстырылды. Қатал сараптаудан өтіп, финалдық кезеңге шыққан жоба авторлары инвестиция үшін күресте өздерінің бизес — идеяларын ортаға салды.      Басым бөлігі Түркістан қаласында жүзеге аспақ. Атап айтқанда, өңірде таза табиғи өнімнің өндірісі дамып, мырышпен қапталған құрылыс материалдары шығарылмақ. Жаңа тәсілмен анар мен алмұрт өсіріліп, ветеринариялық жедел жәрдем ашылмақ. Түркістан аспанында әуе шарлары қалықтап, экологиялық таза полиэтилен қапшықтары өндіріле бастайды.       Отырыстың қорытындысы бойынша, инвесторлар мен қатысушылар арасында 88 млн. теңге инвестиция бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы 8 меморандум жасалды. «Атамекен» ӨКП және Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда бағдарламасы ұйымдастырған іс-шара жалғасын табады. Инвесторлар қолдауын тапқан барлық жобаның даму сатысы бақыланып, есептік кездесу өтеді.      Облыста 142 мыңға жуық шағын және орта бизнес өкілі бар. Оның 300-і ірі кәсіпкерлер. «Бастау Бизнес»  бойынша 3 мыңдай болашақ кәсіпкер білім алып, тәжірибе жинақтады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.