Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАНДА «САТТАР ЕРУБАЕВ» АТЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ АШЫЛДЫ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАНДА «САТТАР ЕРУБАЕВ» АТЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ АШЫЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.02.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан қаласында «Саттар Ерубаев» атындағы шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қорды ұйымдастыруға ұйытқы болған Жастар ресурстық орталығы.

    Аталмыш идеяның бастамасы ретінде былтыр облыс деңгейінде «Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауы»  өткен болатын.  Байқау әдебиет пен мәдениеттің 8 бағытын қамтыған. Атап айтсақ, «Үздік  жас мүсінші», «Үздік жас дизайнер», «Үздік жас қолөнерші», «Үздік жас ғалым», «Үздік жас әнші», «Үздік жас ғалым», «Үздік жас айтыскер» номинациялары бойынша Түркістан облысының түкпір-түкпіріндегі өнерлі жастардың арасында бәсекеге толы байқау көпшіліктің көңілінен шықты.

    Игі бастама Республика көлемінде ұлт руханиятына еңбек сіңіріп жүрген жас шығармашыл жастарымызға қолдау көрсету мақсатында  «Саттар Ерубаев» атындағы шығармашыл жастарды қолдау қорын құрумен жалғасып отыр. Аталған қор жылына бір рет республикамыздағы ең үздік шығармашыл жастардың Түркістан өлкесінде басын қосып, поэзия, дәстүрлі ән, роман, проза, әңгіме, айтыс, ғылым, қолөнер, зергерлік өнер және ұлттық үлгідегі киім дизайны бойынша  номинацияларының иелерін арнайы комиссия арқылы анықтап, қаржылай жүлделермен марапаттайтын болады. 

    Кеш басын «Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастарды қолдау қорының» төрағасы  Айбек Маратұлы бастап,  қордың осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстары мен алдағы уақыттағы жұмыс жоспарымен таныстырды.

    Қайырымдылық балдың өзге шаралардан ерекшелігі – Түркістан өңіріне белгілі қолөнерші Мамыт Жаңабек қолынан шыққан мүсіндері және суретші Әділхан Мәліктің суреттері  аукционға қойылды. Жас таланттардың алғашқы қолдаушысы ретінде кешке арнайы облыстық, қалалық мәслихат депуттары, жеке кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер және өнерпаз азаматтар  қатысты.

    «Былтыр 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланса, биыл 2021 жыл «Қайырымды істер жылы». Қайырымды іс тек қана материалдық көмекпен немесе азық-түлік таратумен шектелмейді. Оның ауқымы кең. Біз ел ішіндегі ұлттық дәстүрді өлтірмей және өнер мен әдебиетті дәріптеп келе жатқан шығармашыл жастарға қолдау көрсеткіміз келеді. Түркістан сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де рухани орталыққа айналуы тиіс. Қордың есімі Саттардың есімімен аталып, жаңарған Түркістанда жаңа амбицияға ие болған бұл жоба еліміздің түкпір-түкпірін шарлайды», – деді Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығының» басшысы, облыстық мәслихат депутаты Амалбек Өміртай.

    Кеш соңында ел азаматтары қордың алдағы іс-шараларына сәттілік тіледі.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.