Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Таулы аймақ су тасқынына дайын ба ?
    Айғақ TV

    Таулы аймақ су тасқынына дайын ба ?

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.02.2021Updated:24.02.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Тілсіз жауға тосқауыл бар ма? Көктем айы келгенде әсіресе таулы аймақтағы ағайын селден, жауын-шашыннан зардап шегетіні бар. Осы орайда Төлеби ауданында алдын ала су тасқыны қаупі бар аймақтарда арнайы оқу-жаттығу шаралары қолға алынып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазығұрттан Төлебиге әкім болып ауысқан Төлеген Тұртайұлы көшті өзі бастап, дайындық жұмыстарын пысықтады.Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қаз-қатар тізілген азаматтық қорғау қызметінің құрылымдары өз ісіне кірісіп кетті. Аудан әкімі қызметіне тағайындалғанына екі жұмадан асқан Төлеген Телғараев та жұмыс күнін осы іс-шарадан бастады. Алдымен су тасқыны қаупі басым аймақтардағы тұрғындарды құлақтандырып, жедел түрде эвакуациялау шаралары жүргізілді. Дайындық жұмыстарына 127 қызметкер, 27 құрылым және 47 техника жұмылдырылды. Елдімекендерді таудан аққан ағын су шайып кетпеуі үшін аудандық бюджет тарапынан Леңгір қаласынан 2 шақырымды құрайтын қашыртқы канал салынуда.

    Төлеген Тұртайұлы әрмен қарай аудандық ден қою жасағына қарай ат басын бұрды. Онда авариялық-техникалық, радиациялық-химиялық барлау және инженерлік командалары қызметкерлерінің біліктілігі мен техникалардың сапасы жіті тексерілді. Соңында атқарылған жұмыстарды қорытындылаған аудан басшысы жауапты сала мамандарына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, дайындық жұмыстарының жоғары деңгейде екенін тілге тиек етті.  Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы мамыр айында қатты жауған нөсерлі жаңбырдың және қардың тез еруінің салдарынан Леңгір қаласындағы «Ленгерка» өзені арнасынан асып су тасқыны орын алған. 41 үйді су басып, 125 адам баспанасыз қалған болатын. Осы оқиға қайталанбас үшін ағымдағы жылы су тасқынының алдын алу мақсатында аудандық бюджеттен 60 млн теңге қаржы қаралып отыр. Нәтижесінде каналдарды, жағалауларды және арналарды нығайту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

    Айғақ-ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.