• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Ақпан 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Ауған соғысының ардагерлері ардақталды

12.02.2021
0

   Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына — 32 жыл. Осы орайда, «Өткенін ескермеген өшеді, өткенін қастерлеген өседі», — дегенді ескерген «PETRO KAZAKHSTAN OIL PRODUCTS» ЖШС Ауған жеріндегі соғысқа қатысқан сарбаздарға құрмет көрсетті. Бүгінде әрқайсысы алпыстың асуына шыққан ардагерлерге мекеме ұжымы атынан сый-сыяпат жасалып, қаржылай сыйақылар табысталды.
Айтулы іс-шара мемлекеттік әнұранмен бастау алды.Жастайынан тәртіп пен жауаптылыққа бейімделген ауған соғысының ардагерлері әнұранның музыкасы басталған сәтте қаз-қатар тізіліп, кезінде қару ұстаған қолдарын жүректеріне қойып, қосыла шырқады.    Ауған жерінен кеткеніне ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, бұл соғыс майдангерлердің мәңгілік жан-жарасына айналды. Жалындап тұрған жас шағында мыңдаған азаматтар жат елде жан тапсырып, майданнан түрлі жарақатпен оралды. Өкініштісі сол, оқ пен оттың ортасынан аман оралғандардың саны күннен-күнге сиреп барады. Десе де, ерлікті ескеріп, естен шығармай ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету іс-шарасы «PETRO KAZAKHSTAN OIL PRODUCTS» мекемесінде дәстүрлі түрде өз жалғасын тапты. Айтулы іс-шарада мекеме тарапынан ардагерлерге арнайы сыйлықтар табысталып, ақшалай сыйақылар үлестірілді.    «PETRO KAZAKHSTAN OIL PRODUCTS» ЖШС-да жалпы саны 14 ауған соғысының ардагері қызмет етеді. Берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлерінің бірі – Дәулет Әбдірасилов. Небәрі 18 жасында майданға аттанған ол үшін — бұл соғыс көңілде қайғы болып қатталып, қасірет болып жатталып қалған. 4 перзенттің әкесі Дәулет Әбдірасилов бүгінгі іс-шараға 18 жасында алғаш киген әскери киімін киіп келді. Ол өз сөзінде 32 жыл өтсе де, бұл киімнің мен үшін орны ерекше деп атап өтті. Себебі, ауған жеріндегі зымырай өткен 2 жыл ішінде оған қан мен тер сіңген. Сонысымен ерекше дейді.  Иә, «Ел барда, ер қор болмас, Ер барда, ел қор болмас». Елім деп еңбектеп ерлік қылған азаматтарға зауыт мекемесі осылайша ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар, Ауған жерінде жауынгерлік міндетін абыроймен атқарған ардагерлердің зауыт ұжымына айтар алғысы шексіз.

Айғақ-ақпарат

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ — МИЛАН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Араға 32 жыл салып Михаил Шайдоров еліміздің қоржынына алтын медаль салды.Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.