Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.01.2021809 Views

    Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал – майоры Қайрат Дәлбеков үздік полиция қызметкерлерін марапаттады. Жыл қорытындысы бойынша өңірдің өркендеуі мен дамуы үшін аянбай еңбек, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ең үздік қызметкерлерге құрмет көрсетті.

    «Біздің салада батыл да батыр, халыққа жақын, елдің тыныштығын сақтауға аянбай қызмет ететіндер жұмыс атқарады. Бірлікте атқарған жұмысымыз жоғары бағалануда. Осы тұста, жыл бойы жақсы нәтижелерімен көзге түскен бірқатар полицейлерімізге құрмет көрсетпек ниеттеміз. Марапаттарыңыз құтты болсын! Қиын да қауіпті саладағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін», — деді полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.

    Сонымен қатар, ҚР Президентінің Жарлығымен пандемиямен күрес кезіндегі жемісті еңбектері үшін «Халық алғысы» медалімен Медицина бөлімінің басшысы Мәлік Иватұлы, ЖПҚ басқармасының инспекторы полиция майоры Нұрлан Тұмабаев, патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Ғалымжан Жақсылықов марапатталды.

    Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасына «Үздік тергеуші» полиция майоры Бекзат Матенов, «Үздік криминалист» полиция майоры Фархат Баятаров, «Үздік жедел уәкіл» Ермек Шәкім, «Үздік анықтаушы» Әлімжан Тасбауов, «Үздік патрульдік полиция қызмет инспекторы» полиция аға лейтенанты Ерназар Сүйіндік ие болды. Кәсіби шеберлігі мен қырағылығын көрсеткен тәртіп сақшылары  еңбектерінің ескерілгеніне риясыз алғыстарын жеткізіп, Қазақстан Республикасы үшін қалтқысыз қызмет етуге уәде берді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.