Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысының бас санитары мен басқарма басшысы бірінші болып вакцина салдырмақ
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысының бас санитары мен басқарма басшысы бірінші болып вакцина салдырмақ

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.01.2021343 Views

    Түркістан облысында коронавирусқа қарсы екпені ең алдымен өңірдің бас санитар дәрігері мен қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы салдыратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    Сала басшылары мұндай қадамға ел ішінде вакцинаға деген сенімділікті арттыру үшін барып жатқандарын айтты. Облыстың бас дәрігері Марат Пашимовтың айтуынша, аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны күн санап артып келеді. Жыл басынан бері өңірде 335 адамнан қауіпті індет белгілері анықталған. Әсіресе Созақ пен Сайрам және Мақтаарал аудандарында індетке шалдығу жиілеп тұр. Сондықтан аймақта екпе салу шараларына дайындық шаралары осы бастан жүргізіліп жатыр. «Ең бірінші екпені қауіпті аймақта жүрген медицина қызметкерлері салдырады. Олар инфекциялық госитальда жұмыс істейтін қызметкерлер. Кейін жедел жәрдеммен жүретін қызметкерлерге салуды жоспарлап отырмыз. Үшінші, СЭС-тің мамандары салдырады деп жоспарлануда. Төртінші, құқық қорғау органдарының мамандары. Ары қарай бізде «Д» есебінде тұрған адамдар вакцина алады» деді Марат Пашимов. Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 1 ақпаннан бастап егілетіндігі хабарланды. Сонымен қатар 18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ, сондықтан бұл жастағыларға екпе салынбайды. Ал бүгінгі Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге вакцинация мәселесінде дүрбелеңге жол бермеуді тапсырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.