Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 10 азамат анықталды. Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Сондай-ақ 3 науқас емделіп шықты.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 27 қаңтарға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5 813 жағдайы тіркелді (2871 — симптомды, 2842 — симптомсыз). Емделіп шыққандар саны – 5 381.
Айта кетейік, 1 тамыздан 27 қаңтарға дейін COVID-19 белгілерімен (ICD-10 коды — U07.2) пневмонияның 1395 жағдайы тіркелді.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы