Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Ордабасы ауданында 379 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді
    Айғақ MEDIA

    Ордабасы ауданында 379 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.01.2021906 Views

        Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында мал шаруашылығын асылдандыру бағытында «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Былтыр «Сыбаға» бағдарламасымен 665 ірі қара мал сатып алынып, тапсырма 139 %-ға орындалды. «Алтын асық»  бағдарламасымен 2 мыңнан астам асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу жоспарланып, нәтижесінде 2 есеге артық мал басы алынды. Яғни жоспар 190 пайызға орындалды.

    Сондай-ақ, «Құлан» бағдарламасымен 277 бас жылқы алу жоспарланып, жоспар 104 %-ға орындалған.

    Аудандағы жалпы мал бордақылау алаңдарының саны – 379. Оның ішінде былтыр мал бордақылайтын 100 жаңа алаң ашылды. Нәтижесінде ауданның бордақылау алаңдарында 7 мың тоннаға жуық тірі салмақта ет өндірілді. Өнім Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының базарларында өткізілуде.

    Сонымен қатар, ауданда 110 сүт фермасы бар. Қазір мұнда 2 мың бас сиыр сауынға байланған. Сүт фермаларында тәулігіне 4 355 тонна сүт өндіріледі. Өткен жылы 22 сүт фермасын ашу жоспарланып, іс жүзінде 26-сы ашылды. Жоспар 124 пайызға орындалды. Сонымен қатар, өткен жылы жоспарланған 3 құс фермасының орнына, 5 құс фермасы іске қосылды.

    Биыл Ордабасы ауданында мал шаруашылы мен құс өсіруді дамытуға басымдылық берілуде. Бұл ретте, ауданда орналасқан ірі кәсіпорындар мен жергілікті шаруалар арасында кәсіпорындарды мал азығына қажетті шикізатпен қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жандандырылатын болады.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.