Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Елімізде жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды
    Бас ақпарат

    Елімізде жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.01.20211 005 Views

       Елімізде жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Бұл туралы баспасөз жиынында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мәлімдеді.

    Мирас Асқарбайұлы Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер туралы толығырақ айтып берді.
    Өз сөзінде «Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін жоятын түзетулер енгізілгенін, сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды бірден қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне (қоныс-колонияларға) жіберу мүмкіндігін тоқтату және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға ерекше өкілеттіктер берілген және олардың қылмыс жасауы қоғамдық қауіптің артуымен сипатталатынын тілге тиек етті.
    Баспасөз жиынында М.Қарғабай бұдан былай, заңсыз сыйақы алушыларға ғана емес, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдарға да қатысты жауапкершілік қатаңдатылды. Азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсінуі тиіс және бұл жаңа енгізілім қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеуді қалыптастыруға бағытталғанын, жаңа нормамен пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатын баса айтты.
    Мирас Асқарбайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа новелла мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерден шоттар ашуға және иеленуге тыйым салуға қатысты жаңа шектеулерді қамтитынын, ал, жаңадан мемлекеттік қызметшілерді лауазымға тағайындау кезінде оларға шетелдік шоттарын жабуға 6 ай мерзім берілетінін айтты.
    Бұл норма бойынша жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерге келсек, оларға да Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетелдік банктердегі шоттарын жабуға 6 ай беріледі. Егер мемлекеттік қызметші шетелдік банктегі шотты жапқысы келмесе және мемлекеттік қызметтен кетуге ниет білдірсе, онда ол өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш беруге құқылы деп атап өтті.
    Баспасөз жиынын қорытындылай келе, Мирас Қарғабай «Енгізілген сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу пәрменді алдын алу құралына айналатынына сенімдімін. Санкциялардың ұлғаюы соншалықты маңызды емес секілді көрінеді. Әйтсе де оның құқықтық салдары өте ауыр. Енді әрбір мемлекеттік қызметші «ала жіпті аттамас» бұрын жүз рет ойланып, өз болашағына балта шаппайтын болады – деп қорытты.

    Айғақ-ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.