2020 жылдың 5 қаңтарында Шымкент қаласына 14 дана ақпараттық-бағдарламалық кешен орнату жөніндегі пилоттық жоба бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті рәсімдеу жұмыстары нәтижесінде камера қайта іске қосылды.
2019 жылға 145 206 437 теңгеге 17 617 ұйғарым салынған, нәтижесінде 112 666 235 тг құрайтын 13 876 ұйғарымы өндірілген. Өндіру пайызы 86 пайызды құрайды.
2020 жылға 25 156 165 теңгеге 2810 ұйғарым салынып, 16 573 375 теңге құрайтын 1841 ұйғарымы өндірілген. Өндіру пайызы 96 пайызды құрайды.
2021 жылдың 1 айлық көрсеткіші бойынша 980 ұйғарым түскен, оның 179 данасы көлік иелері анықталмағандар, 18 945 915 теңге салынып, 2 596 130 теңгені құрайтын 275 ұйғарымы өндірілген.
Қазіргі таңда «Сергек» жүйесінің тек бір функциясы қолданылып жатыр. Яғни, автокөлік жүргізушілерімен жылдамдықты асырған фактісі тіркеледі.