Қаһарлы қыс қала тұрғындарын әжептәуір әбігерге салды. Түнделетіп жауған жауын соңы алай-дүлей дауылға айналған. Нәтижесінде қала көшелері көктайғақ мұз болып, сіресіп жатыр. Жолаушыларды жан азапқа салған ауа райының қолайсыздығы көлік қозғалысын да қиындатып отыр. 500-ден аса коммуналдық қызметкер қала көшелерін қардан тазартуға жұмылдырылған.
Ауа – райының кілт құбылатынын төтенше жағдай мамандары ескерткен еді. Сала мамандарының сыналар тұсы. «ЛТД Тұрмыс» , «Бәйтерек ЛБ», «Югдорсервис», «NurtauService», «Жасыл Жер» коммуналдық мекемелері 32 бағыт бойынша жұмыс жасауда. Қаланы қардан тазарту үшін барлығы 123 техника, 571 жұмысшы жұмылдырылған.
Сондай-ақ, қалалық әкімдік мамандары жолдардағы мұз бен тайғақтың салдарынан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сақ болуды ескертеді.