Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV» Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
    Айғақ TV

     Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.01.2021Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

     Түркістан облысында 2020 жылдың қорытындысымен 828 нысан, оның ішінде 1525,4 шақырым жол мен көшелерде құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жылдық жоспар бойынша қалған 40 нысан, 449,4 шақырым жол келесі жылдарға өтпелі. Ал 2021 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 155 нысан қамтылып, 608,7 шақырым жол мен елді мекен көшелері жөнделетін болады,-деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2020 жылдың қорытындысымен 79%-ға қол жеткізілді. 2021 жылдың жоспары ретінде 81,4%-ға жеткізу межеленген. Аталған индикатор көрсеткішін 2025 жылға дейін 89,8%-ға арттыру жоспарланып отыр.

    Облыс орталығы Түркістан қаласы бойынша көшелердің жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Асфальт жабындысы бар көшелер – 300,8 шақырымды (35,6%),тас және топырақ жабынды көшелер – 544,2 шақырымды (64,4%) құрап отыр. 2020 жылы 166,4 шақырым көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.

         Жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы көшелердің үлесі 23,7%-дан 35,6%-ға артқан. 2021 жылы Түркістан қаласының автомобиль жолдары саласын дамытуға 3,4 млрд.теңге қаралып, 40,4 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылады деп жоспарлануда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.