• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Маусым 10, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

2020 жылы нақты сектор ҚР ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды

12.01.2021
0

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, қаржы министрі Е. Жамаубаев, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы ахуал туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов және энергетика министрі Н. Ноғаев, агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров баяндады. 2020 жылы өңдеу өнеркәсібін, құрылысты, ауыл шаруашылығын қоса алғанда, нақты сектордағы өсім Қазақстанның ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды. Мәселен, өңдеу өнеркәсібінде 3,9%-ға, оның ішінде металлургия өндірісінде 2,6%-ға, азық-түлік өнімдері өндірісінде 4%-ға, фармацевтикада 47%-ға, машина жасауда 16,3%-ға, оның ішінде автомобиль жасауда 52,5%-ға, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіпте 15%-ға өсім қамтамасыз етілді. Құрылыс көлемі 11,2%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 16,8%-ға немесе шамамен 15,3 млн шаршы метрге ұлғайды. Ауыл шаруашылығында 5,6%-ға тұрақты өсім қамтамасыз етілді. ОПЕК+ қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қажеттілігі аясында тау-кен өндірісі саласында шектеулі динамика байқалады. Сала бойынша НКИ 12 айдың қорытындысы бойынша -3,7%-ды құрады. ҚР алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қордың активтері 2020 жылғы 31 желтоқсанда $94,4 млрд құрап, бір жыл ішінде $3,6 млрд-қа ұлғайды. Экономиканың тұрақтылығы жұмыссыздық деңгейін 5%-ға дейінгі диапазонда ұстап тұруға және халықтың нақты кірістерінің айтарлықтай төмендеуіне жол бермеуге мүмкіндік берді. Үкіметтің қазіргі дағдарыс жағдайында экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларының тиімділігін алдыңғы қатарлы халықаралық қаржы институттары, рейтингтік агенттіктер мен консалтингтік компаниялар бірнеше рет атап өтті. Эпидемиологиялық ахуал бақылауға алынған, дегенмен кейбір өңірлерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір шектеулер сақталған. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы аясында қызмет көрсету секторында біртіндеп қызмет қалпына келтіріліп жатыр. Желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда қызмет сауда (+1,4%) және байланыс (+0,2%) салаларында одан әрі қалпына келтірілді. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары негізгі 7 көрсеткіштің 5-і бойынша әлеуметтік-экономикалық даму өсімін қамтамасыз етті. 4 көрсеткіш бойынша Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында оң динамикаға қол жеткізілді. «2020 жыл сын-тегеуріндерге толы жыл болды. Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында біз оларды еңсере алдық. Еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз ету және халықтың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын тиімді іске асыру қажет», — деді А. Мамин. Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер егжей-тегжейлі қаралатынын мәлімдеді.

Дереккөз: primeminister.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Нало: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы елімізде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл жолғы игі бастама Бадам өзенінің жағасында ұйымдастырылды. Шараға...

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ҚАНЖЫҒАСЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкент қаласы полиция департаментінің «Арлан» спорт клубының командасы Ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткен республикалық бокс чемпионатында ІІ орын иеленді....

МЕРЕКЕДЕ 1500-ДЕН АСТАМ БАЛА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай Шымкент қаласында «Бақытты балалық үшін» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Балалардың...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.