Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі тиіс екенін айтты, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
«Үкіметке келетін болсақ, ол біздің заң бойынша отставкаға кетуі тиіс. Мен жақын арада сайлау аяқталғаннан кейін Парламентке премьер-министрдің де, Үкімет мүшелерінің де кандидатуралары бойынша депутаттардың жаңа құрамының алдында фракция жетекшілерімен кеңесу үшін барамын», — деді Тоқаев.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда Нұр-Сұлтандағы № 58 учаскеде дауыс берді.