• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 21, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Өңір басшысы облыс тұрғындарын 2021 жаңа жылмен құттықтады

01.01.2021
0

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР, ОБЛЫС ҚОНАҚТАРЫ!

Сіздерді келе жатқан 2021 Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке қарсаңында біз өткен кезеңнің қорытындысын жасап, келер жылға жоспар құрып, болашақтан жақсылық күтетін халықпыз.
Тарих қойнауына аттанғалы тұрған жыл баршамыз үшін оңайға соққан жоқ, бірақ біз бірлік пен ынтымақтың және еселі еңбектің арқасында оны лайықты нәтижелермен аяқтап жатырмыз.
Өткен жылы біздің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды болды. Кәсіпорындарымыз 481,3 млрд теңге сомасында өнеркәсіп өнімін өндірді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 688 млрд теңгені құрады, осы көрсеткіш бойынша облыс елімізде жетекші орынға ие болды.
Сонымен қатар, біздің облысқа тартылған инвестициялар көлемі 66,7 пайызға өсті, бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада да бірінші орын алады. Облыс экономикасын дамытуға 11 айда 551,8 млрд теңге инвестиция бағытталды.
Облыс «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыруда да жетекші орынға ие. Мақұлданған жобалар саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артып, 287 жобаға жетті.
Бұдан басқа, республика бойынша халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің ең жоғары көрсеткіші Түркістан облысына тиесілі. Биыл біз 548,4 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бердік. Осылайша, жоспардан тыс тұрғын үйді пайдалануға берудің жылдық жоспары орындалып, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы толығымен іске асырылды.
Бүгінгі таңда облыста Оңтүстік аудандардың дамуына оң серпін беретін 67 жоба іске асырылып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Бұл жобалар ең алдымен әлеуметтік инфрақұрылым құруға бағытталған. Ауылдық жерлерде мектептер мен ауруханалар салуды, жолдар салуды және газ құбырларын тартуды жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар, менің тапсырмам бойынша өңірде бірқатар маңызды жобалар іске асырылып, жаңбырлатып суару технологиясы енгізілуде. Осы жобалардың ішінде — Түркістан қаласының аумағында азық-түлік белдеуін құру, бір алаңнан 2-3 өнім алу, сондай-ақ Түркістандағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған су арналарын реконструкциялау жобасы бар.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы негізінде Түркістан қаласы күннен күнге дамып, келбеті жаңарып жатыр. Құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойған міндеттері қасиетті қаланың дамуына жаңа серпін береді.
1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күні Түркістан қаласының «Hazret Sultan Airport» халықаралық әуежайына Нұр-Сұлтан қаласынан алғашқы әуе рейсі қаламызға қонды. Жақында еліміздің рухани астанасында «Hampton by Hilton Turkistan» халықаралық деңгейдегі қонақ үйі ашылды. Алдағы уақытта облыс орталығында тағы да бірқатар жаңа нысандарды пайдалануға береміз. Осылайша, түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы – Түркістанымыз халықаралық деңгейдегі қалаға айналады.

Құрметті жерлестер!
Болашақта біздің алдымызға үлкен және жауапты міндеттер қойылды. Оның ішінде, әрине, Түркістан қаласын облыс орталығы ретінде қалыптастыру. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының, сондай-ақ рухани-мәдени саланың мақсаты тұр. Сіздер өңірде атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін көріп отырсыздар. Қалада әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысы жүргізілуде, мәдени-рухани орталық қалыптасуда, Х.А.Ясауи кесенесінің айналасы абаттандырылуда. Аяқталған көптеген нысандар өздерінің сәулеттік келбетімен қалаға ерекше сән беруде.
Туған өлкеміздің игілігі үшін еңбек етіп, күнделікті еңбегімен ортақ істің табысына үлес қосып жүргендердің барлығына алғысымды білдіргім келеді.
Келе жатқан жылда әрбір игі істеріңіз бен бастамаларыңызға сəттілік серік болып, жағымды жаңалықтары мен телегей табыстары мол жыл болсын!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!

Өмірзақ Шөкеев,
Түркістан облысының әкімі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

Айғақ медиа
16.06.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...

ӨЗБЕКСТАН: ШЫҒЫСТЫҢ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРЫ – САМАРҚАН

ӨЗБЕКСТАН: ШЫҒЫСТЫҢ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРЫ – САМАРҚАН

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Самарқан – туризмнің отаны. Көне тарих пен өркениеттің алтын бесігі саналатын бұл шаһар ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының бойында орналасып,...

ӨЗБЕКСТАН: ТУРИЗМ ДАМЫҒАН КӨНЕ ҚАЛА — БҰХАРА

ӨЗБЕКСТАН: ТУРИЗМ ДАМЫҒАН КӨНЕ ҚАЛА — БҰХАРА

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Қазақстан мен Өзбекстан – тарихы тамырлас, тағдыры сабақтас, мәдениеті мен руханияты үндес қос халық. Екі ел арасындағы қарым-қатынас тек географиялық...

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БАҚ СЫНАДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Бүгінде этнос өкілдері қазақ тілін еркін меңгеріп, қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттау және мемлекеттік тілдің мәртебесін...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.