Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ТОЛЫҚ ЖАҢАРАДЫ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ТОЛЫҚ ЖАҢАРАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.12.20201 551 Views

    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысу үшін Мақтаарал мен Жетісай аудандарында болды. Түркістан облысының оңтүстік аудандарындағы жолдардың жағдайы бір жылда 52 пайыздан 90 %- ға жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізілді.«Шекара бойындағы Мақтаарал, Жетісай, Шардара, Келес, Сарыағаш аудандарында бір миллионға жуық халық тұрады. Былтыр облыстың дамуының кешенді жоспарын дайындаған кезде осы аудандарға көбірек көңіл бөлеміз деп шешкенбіз. Содан бері халық көп шоғырланған бұл аудандарда үлкен жұмыстар жүріп жатыр. Ең бірінші жол мәселесі. Былтырғы жылдың басында жолдың қанағаттанарлық жағдайы 52% болатын. Бір жылдың ішінде республикалық және жергілікті жолдар, ауыл арасындағы жолдар 90 пайыз жақсы сапаға жетті, деп айтуға болады. Екінші маңызды мәселе – инфрақұрылым. Халықты ауыз су, табиғи газбен қамту, кәріз жүйесі мен жылумен қамту мәселесі бойынша жұмыстар жүйелі түрде жаңартылып жатыр. тұрғын үй мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жоспарлы түрде жасалады», — деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты барысында.Биыл  6 участкіге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған, қазіргі уақытта ұзындығы 88 шақырымға созылған 5 участкіде жөндеу жұмыстары аяқталды. Атап айтсақ, А-15 «Жизақ – Гагарин – Жетісай – Киров – Қызыләскер – Абай – Сарыағаш — Жібек Жолы» автожолының ұзындығы 63 км, Атакент кіреберісіндегі ұзындығы 11 шқ. «Самара-Шымкент» автожолдары күрделі және орташа жөндеуден өтті. Ұзындығы 22 шқ. «Гүлстан» кіреберіс автожолы жыл соңына дейін аяқталады.  Жалпы, Жетісай мен Мақтааралдағы 130 шақырым жол жөнделеді. Жыл соңына дейін «Үлгілі-Таубай ата» және «Ынталы-Фирдоуси» автомобиль жолдарында жұмыстар толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Ұзындығы 19,9 шақырымдық облыстық маңызы бар «Жетісай-Мақталы» бағытындағы автомобиль жолында жөндеу жұмыстары аяқталуға таяды. 2021 жылы аяқталатын жолдардың қатарында Шардара ауданынан бастау алатын КХ-8 автомобиль жолы да бар. Өзбекстанның шекарасы мен Шардара, Арыс, Темірланға дейінгі аралықты жалғайтын бұл күре жолдың жартысы биыл, қалған жартысы, яғни Шардара ауданының Көксу ауылы мен Арыс қаласының арасын жалғайтын бөлігі келер жылы қолданысқа беріледі.Түркістан облысы әкімінінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.