Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ЖҰМЫС, ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ЖҰМЫС, ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.12.2020684 Views

    Төтенше жағдай кезіндегі жұмыс және жаңа технологияларды енгізу барысымен танысу үшін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Түркістан облысына арнайы іссапармен келді. Ол облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге жаңа әкімдік ғимаратында орналасқан Ахуалдық орталық пен «109» қауырт желісінің жұмыстарымен танысып, өзінің оң бағасын берді.Коронавирусқа байланысты ел аумағында төтенше жағдай енгізілген кезден бастап, 16 — наурыз күні Түркістан облысында COVlD-19 Ахуалдық орталығы ашылған болатын. Бүгінде орталықта тұрақты түрде жеті талдаушы 24/7 форматында жұмыс істейді. Шетелде тәжірибе жинақтаған арнайы сарапшылар 5 базалық бағыт бойынша ауқымды жұмыс атқарады. Денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік, азық-түлік, БАҚ және әлеуметтік желілер сияқты басым бағыттар бойынша күнделікті мониторинг жүргізеді. Карантиндік шектеу шаралары бойынша орталық облыстың 16 өңірі мен қаласынан 119 мобильді топтың деректерін және жүргізілген жұмыстар туралы есептерді жинақтайды. Барлық  танымал әлеуметтік желілердің жазбаларын талдау және бақылау қолға алынды.Түркістан облысы полиция департаментінен 2019-2020 жылдардағы қылмыстар мен оқиғалардың барлық түрлері бойынша деректерді тұрақты өңдеу және талдау, күнделікті жедел мәліметтерге мониторинг жүргізу жоспарлануда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша мониторинг жасау, өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бойынша талдау, жер учаскесінің кадастрлық нөмірлерін көрсете отырып, егіс аумағын пайдаланудың тиімділігін анықтау үшін егістік жер учаскелерінің аумағы туралы мониторинг және талдау өткізіледі. Кез-келген уақытта Түркістан өңірінің барлық саласы бойынша төтенше жағдайларға тез арада әрекет етуге бағытталған әмбебап орталығының жұмысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жіті бақылауында.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.