Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының елу төртінші сессиясы өтуде. Сессияның жұмысына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімдігіне қарасты басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысуда. Күн тәртібінде 19 мәселе қаралмақ. Солардың бірі 2021-2023 жылдарға арналған облыс бюджетін бекіту және Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту болып табылады. Айта кету керек, бұл алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың соңғы сессиясы болып табылады. Сондықтан алтыншы шақырылым бойынша өз өкілеттіліктерін аяқтап отырған бірқатар депутаттар бұл күні арнайы марапаттарға ие болды.