Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТТЕ «ҰЛТ ҮНІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТТЕ «ҰЛТ ҮНІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.12.20201 108 Views

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығы қарсаңында «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ұлт үні» керуен-байқауы өз мәресіне жетті.

    Қорытынды жиынға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан байқау жеңімпаздарын марапаттады.— Шымкенттегі 1 миллион 50 мыңнан астам тұрғынның 32,5 пайызын этнос өкілдері құрайды. Қаламызда этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға лайықты жағдай жасалған. 16 этномәдени бірлестік осы бағытта жұмыс істеп, ұлттық құндылықтарын дәріптеумен қатар, мемлекет құраушы қазақ халқының мәдениетін құрметтеп, мемлекеттік тілді меңгеруге деген ықылас-ынтасы күн санап артып келеді. Байқауға қатысқан әрбірінің көрсеткен өнері жоғары баға алуға лайық деп санаймын, -деп атап өткен Шыңғыс Жұмабекұлы қатысушыларға өз алғысын білдірді.Этнос өкілдері арасында өткен байқаудың мақсаты мемлекет құраушы қазақ халқының тілін, мәдениетін, өнерін, салт-санасын, тарихы мен әдебиетін насихаттау, олардың біріктіруші әлеуетін тиімді пайдалана отырып, барлық этнос өкілдерін қазақ халқының маңайына топтастыру болды. Додада 80-нен астам концерттік нөмірлер ұсынылды.Керуен-байқау қазан айында бастау алып, алдымен іріктеу кезеңі өткізілді. Үздік деп танылған 22 концерттік нөмір таңдап алынып, өнерпаздар тобы қараша-желтоқсан айларында Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында этнос өкілдері жинақы тұратын аумақтарда өнер көрсетті.Байқауға қатысушылар әлем халықтары мойындаған ұлылар Әбу-Насыр әл-Фараби мен Абайдың еңбектерін, қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндерін кеңінен насихаттап, олардың шығармаларын орындау шеберліктері арқылы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көрсетті. Онымен қоса қазақ халқының салт-дәстүрлері мен өнерін, мәдениетін дәріптеуге үлес қосты.«Ұлт үні» керуен-байқауының нәтижесінде: Бас жүлде — Зкруллаев Нематилло (өзбек этносы, Абай ауданы), I орын — Ким Павел (кәріс этносы, Абай ауданы), II орын — Умаров Умид, Рахимшиков Умар (өзбек этносы, Еңбекші ауданы), III орын — Тұрсынова Гүлханым (түрік этносы, Еңбекші ауданы).

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.