Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Қазақстанда ағаштарды заңсыз кескендерге жаза күшейтіледі
    Айғақ MEDIA

    Қазақстанда ағаштарды заңсыз кескендерге жаза күшейтіледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.12.2020391 Views

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында орман ресурстарын қорғау және қалпына келтіру мәселелері қаралды-, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, Қызылорда облысының әкімі Г. Әбдіқалықова, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Атырау облысының әкімі М. Досмұхамбетов баяндама жасады. ҚР мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы ел аумағының 11%-ын құрайды (30 млн гектардан астам). Республиканың ормандылық көрсеткіші – 4,8%. Мемлекет басшысы бес жыл ішінде орман қорында 2 млрд ағаш және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу міндетін қойды. Бұл Қазақстан 2018 жылы қосылған «Бонн шақыруы» жаһандық бастамасы аясында ормандылық деңгейін арттыруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. ҚР «жасыл» қорының айтарлықтай өсімін қамтамасыз ету үшін осы жылдың желтоқсан айында Үкімет өсімдік әлемі объектілерін сақтау және ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі заң жобасын Парламентке енгізеді. Ол жасыл желектерді пайдалану кезінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ қатынастарды реттеуге бағытталған. Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге ағаштарды заңсыз кескені үшін жауапкершілікті күшейтетін түзетулер әзірленді. Сонымен бірге кесілген ағаштардың орнына өтемдік ағаш отырғызу нормаларын ұлғайту көзделген. Премьер-Министр экология, ауыл шаруашылығы, индустрия, қаржы министрліктеріне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, екі ай мерзімде Ормандарды қалпына келтірудің және ағаш өсірудің кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Өңірлердің әкімдіктеріне елді мекендер мен мемлекеттік орман қорындағы жасыл желектерді мониторингілеу, түгендеу, олардың жай-күйі мен пайдаланылуын бақылау, орман қорғау қызметтерін материалдық-техникалық және кадрлық жарақтандыруды нығайту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.