Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, қаржы министрі Е. Жамаубаев, өнеркәсіптегі, энергетика секторындағы ахуал және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, энергетика министрі Н. Ноғаев, сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов баяндады. Биылғы он бір айдың қорытындысы бойынша экономиканың базалық салаларында оң өсім қарқыны байқалады.
