Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: Елдімекендер жоғары жылдамдықты интернетке қосылуда
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: Елдімекендер жоғары жылдамдықты интернетке қосылуда

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.12.2020295 Views

    Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппараттық жиында баяндалды. Отарыста талқыланған өзекті мәселелердің бірі «өңірдегі мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту мәселелері» болды. Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін қадағалау комиссиясының атқарып жатқан жұмыстарына, қандай қағидаларды ұстанатыны және комиссияның функцияларына шолу жасалынды. Комиссияның атқарып жатқан жұмыстарын жетілдіру мақсатында бірнеше ұсыныстар айтылды. Облыс әкімі жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға жауапты басқармаларға айтылған ұсыныстарды жұмысқа алып, алдағы уақытта комиссияның жұмысының қарқынын күшейтуді тапсырды.Аппараттық жиында облыстағы барлық елдімекен халқын байланыс және интернет жүйесімен қамтамасыз ету бойынша баяндалды. Үкімет пен ұялы байланыс операторлары арасында Меморандум аясында жыл соңына дейін 80 ауылға ұялы байланыспен қамту жоспарланған. Сондай-ақ атқарылған жұмыстар аясында 264 ауыл немесе 642 мемлекеттік ұйым (мектептер, балабақшалар, полиция бекеттері, әкімдіктер) оптикалық интернетке қосылған. Алдағы уақытта олардың қатарын көбейту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.Ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары бірнеше кезеңге бөлінген. Туындаған қиындықтарға қатысты 109 нөмірі бойынша байланыс орталығы іске қосылды. Осы уақыт ішінде байланыс сапасы бойынша облыс тұрғындарынан шамамен 1518 қоңырау түскен. Өтініштердің көпшілігі облыстың оңтүстігінде халық тығыз қоныстанған 29 ауылдан түскен. Ауылдарға интернет-радиорелейлік байланыс орнату арқылы мәселе шешілмек. Мамандардың есептеуі бойынша ол үшін әр ауылға шамамен 9,65 миллион теңге қаражат қажет. Жұмыстар жалғасуда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.