Бұқаралық ақпарат құралдарының майталмандары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті “Журналистика” факультетінің студенттерімен жүздесті. Келелі кездесуде журналистиканың қыр сыры жан-жақты талқыланып, болашақ медианың тізгінін ұстар мамандарға бағыт-бағдар көрсетілді.
Жиында студенттер қазақ журналистика саласына өлшеусіз үлес қосқан, кәсіби мамандардың мол тәжірибесіне тәнті болды.
Іс-шара барысында аға буын өкілдері оқу ордасының бүгінгі келбетімен танысты. Олардың қатарында “Айғақ” Телерадиокомпаниясының бас директоры, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш,
“ONTUSTIK” телеарнасының директоры, ҚР Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Қыдыр Уәли,
“Оңтүстік Қазақстан” газетінің бас редакторы Абай Балажан,
“Шымкент келбеті”, “Панорама Шымкента” газеттерінің директоры- бас редакторы Бахтияр Байдуллаұлы,
“Отырар” медиахолдингінің директоры Әйгерім Әбдіоқапқызы, “Отырар” телеарнасының тілшісі Шынар Боранбекқызы бар.