Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов биылғы қалалық бюджет жөнінде де егжей-тегжейлі айтып берді. Оның айтуынша осы жылғы бюджет өткен жылға қарағанда 1,8 есеге ұлғайып, 455,4 млрд теңгені құраған.Сонымен қатар, пандемияға байланысты мемлекеттік органдардың материалдық-техникалық базасы, мәдени және спорт секілді өзге шығындардан 9,5 млрд теңге қаржы оңтайландырылып, үнемделген қаржы денсаулық сақтау, дезинфекция, қашықтан оқу режимге қатысты шығындарға қайта бағытталған.