Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Өзбекстандық кино мамандары Қожа Ахмет Ясауи жайлы фильм түсіруде
    Айғақ MEDIA

    Өзбекстандық кино мамандары Қожа Ахмет Ясауи жайлы фильм түсіруде

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.12.2020623 Views

    Өзбекстан Республикасының  «Ózbekkino» Ұлттық агенттігі Қожа Ахмет Ясауи жайлы «Мерос» фильмінің түсірілім жұмыстарын бастады.

    Фильмнің мақсаты  — 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылы,  2019 жылы Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты, Түркі елдері арасындағы бауырластықты насихаттау.

    Фильмнің басты кейіпкері Өзбекстан Республикасының Қазақстанмен шекаралас ауылында тұратын Бахшилло ақсақал немересімен бірге Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жолға шығып, жол-жөнекей қазақ елінің қонақжайлылығы мен бауырмалдығы, екі ел халқының бір-біріне деген бауырмалдығы мен мейірімі,  әкесі Абдулланың  Сәрсен атты қазақ азаматымен жан достығы, оның аң аулау кезінде әкесін өлімнен құтқарғаны жайлы естелік әңгімелерін айтып береді. Әкесі Абдулла мен Сәрсен бір-бірімен  айнымас дос болуға серттеседі.
    Бахши ақсақал қазақ халқына әкесінің құрметі жөнінде әңгімелей отырып, Қазақстан шекарасына кіргеннен кейін байырғы досы Оралбайдың үйіне қонақ болады. Домбырамен ән айтып, сыр шертіскен соң Оралбай досы Бахшила мен немересіне ат пен түйе мінгізіп, Түркістанға шығарып салады. Ақсақал  немересі Анварға жол бойына Қожа Ахмет Ясауидің тарихы және Түркістан жайлы қызықты әңгімелер айта отырып, қазақ жерінде тәрбиелік мәні зор  түрлі  оқиғалардың куәгері болады.  Жолаушылар Түркістан қаласына келіп, Ясауиге құран бағыштап, асықпай тарихи орындармен танысады. Түрлі қызықты әрі мағыналы оқиғалармен сабақтастырылған киноның мазмұны осылай болмақ. Мамандардың айтуынша, туынды 2021 жылы жарыққа шығады.

    Фильмнің режиссері  — Хилол Насимов.

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.