Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР 29,9 %-ҒА ТӨМЕНДЕГЕН
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАР 29,9 %-ҒА ТӨМЕНДЕГЕН

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа03.12.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар 29,9%-ға төмендеген. Құқық бұзушылықтардың алдын-алу үшін Түркістан облысында бірқатар маңызды іс-шаралар атқарылды. Осы және өзге де өзекті мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мәжілісінде қаралды.Белгілі болғандай, биылғы жылдың 10 айының ішінде атқарылған іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушылыққа бейім кәмелетке толмағандар және бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын 332 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алынды.Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың 10 айында көпшілік орындарды ластаған, белгіленбеген орындарда темекі тартқан, спирттік ішімдік ішкен, ұсақ бұзақылықтар жасаған азаматтарға 6799 әкімшілік хаттама толтырылған. Жұмыс күшейтіліп, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 есе артқан.

    Түркістан облысында қоғамдық орындарды, көшелерді және басқа да қылмыс көп орын алатын жерлерді сапалы және заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жұмыстары жалғасады.Қоғамдық резонанс тудыратын алаяқтық қылмыс түрлерінің бірі – қаржы пирамидаларын құру. Ішкі істер департаментінің мәліметіне сәйкес, биыл  облыс аумағында қаржы пирамидасын құрудың 3 дерегі анықталған. Атап айтқанда, шамамен 1947 салымшысы бар «Gold Company LTD» (шамамен 597 млн тенгеге шығын келтірген) және шамамен 650 салымшысы бар «Миллениум» (шамамен 1,755 млрд тенгеге шығын келтірген) қаржы пирамида құрушылары құрықталып, қылмыстық істері сотқа жолданған. Қазіргі таңда осы тәріздес «Indigo-24 Evolution» қаржы пирамидасын құрушылар анықталып, сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.