Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ БІЛІМ САЛАСЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТУДА
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ БІЛІМ САЛАСЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ ТАНЫТУДА

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.12.2020776 Views

    Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында өңірлік кеңес жанынан құрылған білім беру мен медицинаны дамыту комитетінің кезекті отырысы өтті. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаевтың басқаруымен өткен дөңгелек үстелде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері қаралды, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков 2019 жылдан бастап Палата бұл мәселені бірнеше рет, оның ішінде Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының Түркістан облыстық филиалы атынан көтергенін атап өтті. Ал, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы 2021 жылға арналған жоспар бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі аудандық немесе қалалық әкімдікке емес, адами әлеуетті дамыту басқармасына берілетінін хабарлады.

    Қазіргі уақытта келесі жылға есептеулер жүргізілуде. Тиісінше, есептеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Адами әлеуетті дамыту басқармасы мен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы біріге отырып, «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетіне ұсыныс жолдау арқылы, оң шешімге қол жеткізуді жоспарлауда. 

    2020 жылғы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері бойынша Кентау қаласы мен Сайрам аудандарында көтерілген мәселелер оң шешімін тапқан. Кәсіпкерлер палатасы, өз кезегінде, мемлекеттік шағын орталықтардың қазіргі жай-күйін бақылау және олардың санын кезең-кезеңімен қысқарту үшін мониторингтік топ құруды ұсынды.

    Күн тәртібінде сондай-ақ, мектептер мен балабақшаларды сенімгерлік басқаруға беру мәселесі талқыланды. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшылығы мектептерді сенімді басқаруға сатып алу бойынша өтінімдерді қабылдауға дайын. Отырыста балабақшаларды сенімгерлікке берумен қатар, кезеңімен толық жекеменшікке беруге басым бағыт берілетіндігі айтылды.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.