БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ АШЫЛДЫ
Қала тұрғындары көптеп күткен жолайрық ашылды. Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жаңа жолайырықтың техникалық ашылуы өтті. Жаңа нысан...
«2018-2019 жылы және осы жылдың 9 айында Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірден 5123 адам қоныс аударған болса, өңірден 10 мыңга жуык адам көшіп кеткен. Осы облыста соңғы жылдары мектептер жабылып, ғимараттары аукционға қойылып сатылуда», — деді Айгүл Қапбарова Сенаттың жалпы отырысында. Соңғы 5 жылда елден 189 765 адам қоныс аударса, 70 933 этникалық қазақ көшіп келді. Айырмашылық 118 832 адамды құрайды. Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кететіндердің 43,8%-ын 15 пен 34 жасқа дейінгі жастар құрайтындығы алаңдатады. Сенатор сыртқы көші қонның санын азайту үшін ішкі көші қон үдерісіндегі еңбек теңгерімін тұрақты және тиімді қалпын сақтау маңызды екенін айта келіп, ел аумағының біртұтастығы үшін оңтүстіктен солтүстік аймақтарға бағытталған көші-қон үрдісін жалғастыру керек деп санайды. «Қоныс аударушылар үшін мемлекет беретін тұрғын үйлердің көпшілігі қазіргі заманғы өмір сүру стандарттарына, нормаларға сәйкес келмейді. Кейбір үйлер қоныс аударушылардың айтуынша, апатты жағдайда тұр. Қоныс аударушылардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қолдау көрсетудің кейбір тетіктері жеткіліксіз», — деді сенатор А. Қапбарова. Сенатор депутаттық сауалда халықты көшірудің арнайы мемлекеттік немесе өңірлік бағдарламасын әзірлеуді ұсынып отыр. Себебі қазіргі таңда халықты көшіру процесі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының бір бөлігі ғана. Бұл бағдарлама қоныстандыру барысында туындайтын міндеттер мен мәселелердің барлық спектрін шешпейді және қамтымайды. «Өңіраралық көші-қон процесінде жас отбасыларға елеулі көңіл бөлініп, мемлекеттік қолдаудың нақты тетіктері жүзеге асыру керек», — деді депутат. Сенатор қоныс аударушылар үшін тұрғын үй берудің нақты тетігін пысықтауды, бюрократиялық кедергісіз жер учаскелерін беру, қоныс аударушыларды жинақы қоныстандыру үшін жеке тұрғын үй салуға жеңілдетілген несие беру керектігін атап өтті. Сондай-ақ «Бір терезе» қағидаты бойынша қоныс аударушылар туралы деректердің бірыңғай автоматтандырылған ақпарат жүйесін енгізу қажеттігі айтылды.Қала тұрғындары көптеп күткен жолайрық ашылды. Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жаңа жолайырықтың техникалық ашылуы өтті. Жаңа нысан...
Шымкентте кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері бақылауға алынып, заң талаптарының сақталуы жіті тексерілуде. Биыл тоғыз айда 37 тексеру жүргізіліп, анықталған заңбұзушылықтар...
Шымкентте кәсіпорындардан шығатын жағымсыз иіске қатысты тұрғындар шағымы назарға алынды. Қала әкімінің көшпелі кездесуінде көтерілген мәселені зерделеу үшін арнайы комиссия...
Бозарық шағынауданындағы жаңа баспаналар тұрғындарға табысталды. Осылайша мегаполисте тағы 30 отбасы көптен күткен пәтер кілттеріне ие болды. Үйлір болғандардың қатарында...
Шымкент пен Дебрецен қаласы арасындағы бауырластық байланыс игі іспен жалғасты. Ресми сапар аясында Венгриялық делегацияның өкілдері дендросаябақта ағаш көшеттерін отырғызды....
Он екі жылдық үзілістен кейін қазақ боксы Азия ойындарының алтынына қайта қол жеткізді. Бұл жолы тарихи жеңісті Шымкенттік боксшы Төрехан...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.