Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Жапонияда Елбасының жаһандық антиядролық бастамаларын жоғары бағалайды
    Айғақ MEDIA

    Жапонияда Елбасының жаһандық антиядролық бастамаларын жоғары бағалайды

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.12.2020249 Views

    Токио, 2020 жылғы 1 желтоқсан — Токиода Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шараға Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Ясуо Фукуда, Гои бейбітшілік қорының Президенті Хироо Сайонджи, Токио Ұлттық музейінің директоры Масами Дзения және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

    Я. Фукуда Н. Назарбаевтың 2008 және 2016 жылдары Жапонияға жасаған ресми сапарлары аясында өткізген келіссөздерін жылы ықыласпен еске алып, олардың маңызды практикалық күн тәртібімен толықтырылған Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықтың дамуына күшті серпін бергенін атап өтті. Дәл осы 2008 жылғы сапар барысында, Я. Фукуда Премьер-министр лауазымында болған кезде, Н. Назарбаев Жапонияның жоғары мемлекеттік наградасы — Үлкен лентадағы Хризантема орденімен марапатталған болатын.

    Жапон саясаткерінің пікірінше, Елбасы кейбір Азия мемлекеттеріне үлгі бола алатын «дамудың қазақстандық моделінің» авторы.

    Х. Сайонджи Елбасының ядролық қарусызданудағы рөлін, сондай-ақ ядролық сынақтарға тыйым салу саласындағы Қазақстан мен Жапонияның жемісті ынтымақтастығын ерекше атап көрсетті. Ол бұл күш-жігердің бүгінгі күні де өзекті екенін баса айтты және ядролық қарусыз әлем құрудағы ерекше көшбасшылығы үшін Н. Назарбаевтың 2016 жылы Гои қорының бейбітшілік мәдениеті жөніндегі арнаулы сыйлығына ие болғанын еске сала кетті.

    Іс-шара барысында М. Дзения Токио ұлттық музейі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірлескен іс-шараларды іске асыруға дайын екендігін білдірді.

    Өз кезегінде, Елші Ерлан Баударбек-Қожатаев Елбасының жаһандық бастамалары жөнінде айтып, қонақтарды Қазақстанның қазіргі даму басымдықтарымен, оның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың қыркүйегінде жариялаған жаңа экономикалық бағдарымен таныстырды.

    Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.