Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Қырғызстанға COVID-19 пандемиясымен күресу үшін Қазақстанның гуманитарлық көмегі табысталды
    Айғақ MEDIA

    Қырғызстанға COVID-19 пандемиясымен күресу үшін Қазақстанның гуманитарлық көмегі табысталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.11.2020427 Views

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен коронавирустық індетіне қарсы бірлескен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек табысталды -, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі. Бішкекте И. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының ғимаратында өткен салтанатқа Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Нұрпейісов, Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі Эльвира Сурабалдиева және Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев қатысты.Э. Сурабалдиева бауырлас елдердің арасындағы қатынастар стратегиялық әріптестік және тату көршілік рухында дамып жатқанын атап өтті. «Ең алдымен біз жақын көршіміз және өзара мүдделерді ескере отырып, ынтымақтастықты одан әрі өрбітуге ниеттіміз. Біз Қазақстанның COVID-19 індетіне қарсы күресте көрсеткен қолдауына зор ризашылығымызды білдіреміз», — деді ол.Өз кезегінде Қ. Нұрпейісов қиын кезде бауырлас халықтар бір-біріне әрқашан көмек қолдарын созатынын баса айтты.

    2020 жылғы 25 қарашада Қазақстан тарабы берген 400 дана жасанды желдету аппараты мен 2 млн. медициналық бетперде түріндегі гуманитарлық жүк Қырғызстанға жеткізілді. Аталған бұйымдар Қазақстанда, атап айтқанда «Тыныс» АҚ, «Dolcepharm» ЖШС пен «Megapharm» ЖШС кәсіпорындарында шығарылған. Жалпы салмағы 16 тонна болатын гуманитарлық өнімдер барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жүк көлігімен жеткізілді. Қырғыз тарапынан жүкті қабылдап алушы Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі болып бекітілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.