• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қайрат Дәлбеков азаматтарды алаяқтарға алданбауға шақырады

27.11.2020
0

Бүгінде көпшілігімізге белгілі, алаяқтардан зардап шегіп, алданып қалып жатқан адамдар саны аз емес. Сондықтан Түркістан облысының бас полицейі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғандарға алаяқтардан сақ болуға қажетті кеңестерін ұсынып, алданбауға шақырды:

«Қазіргі уақытта белең алған қылмыстардың бірі алаяқтық жайты. Статистикаға көз жүгіртер болсам, ұрлық жайты өткен жылы 3000-нан асса, жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін 1499-ы орын алған. Яғни 50 пайызға кеміген. Ал алаяқтық жайты 2019 жылы 600-ден асса, биыл 854. Демек нақты мәліметтер арқылы ұрлықтың азайып, алаяқтық жайтының көбейгендігін аңғаруға болады. Бұл сандар біздің тарапымыздан атқарылып жатқан жұмыстардың аздығын емес, керісінше тұрғындар тарапынан қылмыс құрбандарының артқандығын көрсетеді. Алаяқтықтың көбеюінің тағы бір себебі, кейбір азаматтардың құрғақ сөзге сеніп, әрекет етуді немесе оңай жолмен ақша табуды жөн көретінін білдіреді.

Аталған қылмыстың  ашылымына назар аударатын болсақ, ағымдағы жылда облыс полицейлерімен алаяқтық жайтының ашылымы 95,0 пайызға артқан.   Десек те артық сенім білдіретін азаматтардың салдарынан бұл қылмыс бүгінгі кнге дейін белең алып келеді.

Сондай-ақ осы жыл ішінде ашылған ірі көлемдегі алаяқтық жайттарына тоқталар болсам: «Индиго-24 Эволюшн» атты қаржы пирамидасын айтуға болады. Бұл жайт бойынша жаз айында ірі сомада алаяқтық жасаған әйелді ұстадық. Тиісінше тергеуді бастадық, содан кейін ақырындап олардың басшысының ізіне түстік. Міне сол уақыттан бері бүгінгі күнге дейін шығын көлемі 2 миллиардқа жуықтады. Оған қоса тұрғындарымызды сан соқтырып кеткен осы жайт бойынша 15 ұйымдастырушы анықталып, оның 12-сі ұсталып, қамауға алынды. Ал үшеуіне іздеу жарияланды. Негізі тергеу әлі де жүргізілуде. Өйткені арызданушылар саны артуда. Соған сәйкес күдіктілер санының өсуі де ықтимал.

Бүгінгі таңда интернет алаяқтығы да алаяқтық жайтының ең кең таралған түрі болып табылуда. Себебі техника дамыған сайын, ғаламтор арқылы өз олжасына оңай қол жеткізетіндер көбейді. Олар қарапайым телефонен-ақ өз арам істерін іске асыруда.

Мәселен, осы айдың ішінде бір өзі 57 миллион теңгенің интернет-алаяқтығын жасаған күдікті жас жігітті қолға түсірдік. Ол телефон арқылы өнімдерге тонналап тапсырыс беріп, өз есепшотына ақшасын аудартып алған соң, зым-зия жоғалып отырған. Оны біз 3 тәулік ішінде Нұр-Сұлтан қаласынан ұстап, қамауға алдық.

Сондықтан әрдайым мына төмендегі кеңестерді естен шығармаңыздар:

  • Жұмысқа қабылдаймын немесе мемлекеттен берілетін жәрдемақыларды, әлеуметтік көмектерді т.б сізге күмән келтіретіндей жолмен ұсынса, ақпардың нақтылығына және заңды екендігіне көз жеткізіңіз!
  • Онлайн арқылы несие алу деген секілді тез және оңай орындалатын қызметтерге күмәнмен қараңыз!
  • Әлеуметтік желілердегі әр түрлі тауарларды, өнімдерді және қызметтерді сатуға арналған жарнамаларды қарағанда сақ болыңыз!
  • Әр түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап еткен жағдайда мұқият болыңыз!
  • Алдын ала төлем жасамаңыз!
  • Тауарларды расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз!
  • Интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз!
  • Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз!
  • Басқа қалаға арналған қосалқы бөлшектерді сатып алғанда, достарыңыз бен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алынған өнімді тексеруді өтініңіз. Әбден көз жеткізіңіз!
  • Бейне байланыс жүйесі арқылы сатушының өз төлқұжатын көрсетуін сұраңыз!

Сонымен қатар, ең бастысы сіз ешкімге банк шотыңыздың толық нөмірін, құпия сөздерін беруге, айтуға міндетті емессіз! Бұл ретте біз қылмыскерлерді ұстауға байланысты өз жұмысымызды атқара береміз, ал сіздерден сұранарым айтылған кеңестерді есте сақтаңыздар! Сонда алаяқтардың өзіңізді арбауына жол бермейтін боласыз!»,- деп түйіндеді өз сөзін ТО ПД-ның бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.