Бұған дейін БАҚ материалдарында Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ-дың лицензиясынан айыру себептері туралы ақпарат жарияланған болатын. Осы әрекеттен кейін университет ректоры студенттерді, оқытушыларды және жұртшылықты жаңылыстырған Комитет әрекеттерінің заңсыздығы туралы хабардар етті. Комитет айтқан құқық бұзушылықтар шындыққа сәйкес келмейтін негізге ала отырып, сотқа шағым түсірген болатын. Сот шешіміне сәйкес, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі-Комитет) ЖОО лицензиясын тоқтата тұрудың негізі ретінде ұсынған бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар яғни: оқу процесін ұйымдастыруға, талапкерлерді қабылдауға, ЖОО-ны оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етуге, түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысты бұзушылықтар жайындағы деректері сотта апелляциялық талқылауда өз растауын таппады.
Осыған сәйкес, академик А.Қуатбеков атындағы ХДУ-нің ректоры Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы қалыптасқан жағдайды БАҚ, қалың жұртшылық, студенттер мен олардың ата-аналары, университет профессор- оқытушылары алдында жоғары оқу орнының жұмысын штаттық режимде жалғастыру туралы қуанышты жаңалықпен бөлісіп, толық түсіндіріп берді.