Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды
    Айғақ MEDIA

    «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.11.20201 416 Views

    2020 жылғы 20 қарашада «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2000000782 

    «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жас қазақстандықтарға жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін беріледі және әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы сияқты түрлі салалардағы 10 номинациядан тұрады.
    Ағымдағы жылы «Дарын» сыйлығын алуға 160-тан астам үміткердің құжаттары келіп түсті, өтінімдер 29 сәуір мен 10 тамыз аралығында қабылданды. 
    «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасының белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, журналистер мен қоғам қайраткерлері және өз саласының кәсіпқойлары енді.
    1992 жылдан бастап еліміздің 264-тен астам талантты жастары сыйлықтың лауреаттары атанды. Әр жылдары Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Денис Тен, Димаш Құдайбергенов, Мария Мудряк, «Муз АРТ» тобы, Қалқаман Сарин, Элизабет Тұрсынбаева, Әділхан Макин және т.б. азаматтар сыйлықтың иесі атанды.
    Барлық жеңімпаздарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және 600 000 теңге ақшалай сыйлық табыс етіледі.
    «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жоспарланып отыр.

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.