Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан мен Франция елінің университеттері арасында меморандум түзілді
    Айғақ MEDIA

    Түркістан мен Франция елінің университеттері арасында меморандум түзілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.11.2020463 Views

    Түркістан қаласында биылғы жылы ашылған Халықаралық Туризм және меймандостық университеті мен Франция елінің Анжэ қаласында орналасқан University of Angers арасында ынтымақтастық туралы келісімге онлайн-қол қою рәсімі өтті. Екі жақты келісім Франциядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.Қол қою рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Басқарма Төрайымы, Халықаралық Туризм және меймандостық университетінің ректоры Майнұр Мырзамадиева мен Франция елінің Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы Мемлекеттік хатшысы Жан-Батист Лемуан және University of Angers ректоры Кристиана Робледо қатысты.Келісім аясында жоғарғы оқу орындары арасында серіктестік қарым-қатынас орнату мен оқытушылар құрамы және студенттерімен өзара байланыс орнату көзделіп отыр.Халықаралық Туризм және меймандостық университеті Түркістан қаласында Елбасының бастамасымен және Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен ашылған болатын. Қазақстандағы алғашқы халықаралық деңгейдегі университет туризм саласында әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлайтын білім ордасы. Қазіргі уақытта университет студенттері алты білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда. Университет басшылығы АҚШ, Франция, Италия, Португалия, Словакия, Гонконг, Үндістан және басқа да жетекші жоғары оқу орындарымен, сондай – ақ ЮНЕСКО (Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі мамандандырылған мекемесі) және БҰҰ UNWTO (Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Туристік Ұйымы) халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.

    Қазақстанның туристік саласын дамыту үшін білікті кадрлар даярлайтын алғашқы бейінді жоғары оқу орнына Түркістан облысының басшылығы барынша қолдау көрсетуде.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.