Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАНДЫ АБАТТАНДЫРУҒА АУДАНДАР КӨМЕКТЕСУДЕ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАНДЫ АБАТТАНДЫРУҒА АУДАНДАР КӨМЕКТЕСУДЕ

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.11.20201 058 Views

    Арыс тәжірибесін негізге ала отырып, 32 секторға бөлінген Түркістан қаласында жыл басынан бері абаттандыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Бірқатар секторлардың жұмысын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке аудан басшылары атқарылған жұмыс барысы жөнінде баяндады, — деп хабарлайды Түркістан

    Мысалы, Ордабасы ауданына 13 көше, Төлеби ауданына 11 көше және  Түлкібас ауданына 9 көше бекітілген. 8 шақырымға созылған көшелерге ағаш, газон егу және тамшылап суғару жүйесін орнату жоспарланған. Жоспарланған 12 мыңға жуық көшеттің 96,2%-ы отырғызылған. Қараша айының аяғына дейін терек, үйеңкі, ірі жапырақты қарағаш, арша ағашы мен раушан гүлдері егіледі.

    Түлкібастықтар өздеріне бекітілген секторда сенбілік өткізіп, 9 көшені тазалады. 7 мың түп жасыл желек пен газон егілді. Сондай-ақ, орталық Дастанов көшесіне жаңадан суару жүйесі орнатылды.

    Сайрам ауданының секторында 8,48 шақырымды құрайтын 9 көшеде 7655 көшет отырғызылды. Ауданға бекітілген №2 секторда тұрақты түрде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, жерді тегістеу, шұңқыр қазу, көшет егу жұмыстары жүргізілді. Қазылған ұяшықтарға топырақ салынып, көшет тамырын ылғалдандыратын гидрогель және топырақты қопсыту үшін биогумус себілуде. Сонымен қатар, көшеттерді суғару жүйесі жүргізіліп, газон егіледі.

    Шардара ауданына бекітілген аумақта да көшеттер отырғызылып, гүлдер егілген. Айнала күл-қоқыстан тазартылып, тиісті жұмыстар қарқынды жүруде.

    Түркістан қаласын көгалдандыруға Төлеби ауданы да атсалысыа жатыр. Аудан басшысының бақылауымен, 7354 ағаш көшеттерін егу, көшеттерді суғару үшін 12 119 метр тамшылатып суғару жүйесін жүргізу және 5 дана ұңғыма қазу жұмыстары атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып, қала аумағында 7 мыңнан астам арша, терек, қара ағаш көшеттері отырғызылмақ.

    Шаһарды көгалдандыру аумағы 187 га құрайды. Саябақтарды жайқалтып, гүлзарларды көркейту, желекжолдар мен тұрғын үй орамдарын, қоғамдық ғимараттарды көгалдандыру іске асып жатыр.

    Қаланың климаттық жағдайын ескере отырып, қала сыртында көгалдандырудың үздіксіз жүйесін және Сырдария өзенінің табиғи өсімдіктер дүниесімен қосылуды қамтамасыз ететін жасыл белдеуді қалыптастыру көзделген.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.