Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында бірқатар тәртіп сақшылары марапатталды
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында бірқатар тәртіп сақшылары марапатталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.11.2020574 Views

    Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге жеткен бірқатар полицейлерге тиесілі марапаттарын ұсынды. Департамент бастығы тәртіп сақшыларын құттықтай отырып, олардың қиын да қауіпті қызметтеріне сәттілік тіледі.

    Мәселен, Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция майоры Бауыржан Саржанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Төтенше жағдай кезінде халық игілігі үшін еңбек еткен қызметкерге Мемлекет басшысының бұл марапаты үлкен демеу болмақ. Негізінде бала Бауыржан кішкентайынан ішкі істер саласында қызмет етуді армандаған. Осы арманын жүзеге асыру мақсатында 2007 жылы туған жері Ақтөбе қаласында «Заң» колледжінде білім алған. Алғашқы еңбек жолын 2009 жылы Шымкент қаласында патрульдік полицияда инспектор болып бастаған. Бүгінде 10 жылдан астам тәжірибесі бар тәртіп сақшысы қатарластарынан оза шауып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген білікті маман. Отбасын құрып 1 ұл, 2 қыздың әкесі атанып отыр.
    Өздеріңізге белгілі, әлемді жайлаған коронавирус індетіне қатысты төтенше жағдай кезінде тәртіп сақшылары блок-бекеттерде тәулік бойы өз отбасыларынан жырақта қызмет атқарды, өздеріне бекітілген аумақта карантин талаптарының қатаң сақталуына жұмыла кірісіп, бақылауда ұстады.
    Сонымен қатар қылмыстарды ашып, құқық бұзушылар мен қылмыскерлерді ұстауда күні-түні аянбай еңбек еткен полицейлерге де арнайы марапаттары табысталды. Оның ішінде өткен жылы жүкті әйелді қызметтік көлігінде босандырып алып, ана мен баланың аман қалуына бар жағдайды жасаған, экстремалды жағдайдағы шұғыл әрекеті үшін ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Кентау ҚПБ ЖПҚ бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Нұрболат Темірханұлы марапатталды. Бүгінде полицейдің қызметтік көлігінде дүниеге келген нәрестені ата-анасы учаскелік полиция инспекторының атымен атайды. Бұл да болса халықтың полицейге берген жоғары бағасы болып саналмақ.
    Оған қоса, ҚР ІІМ-нің Грамотасына КПБ аса маңызды істері жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Марат Жандарбеков ие болды. Ал полиция майоры Заңғар Мұсаев пен полиция аға лейтенанты Арнұр Нахыповқа «Алғыс» жарияланды.
    Өз кезегінде еңбегі бағаланған полиция қызметкерлері шын жүректен алғыстарын жеткізді. Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге барын салатындарын жеткізді.

    ТО ПД-нің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.