Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНДЕГІ ЛАУХАЛАР ТАРИХИ ОРНЫНА ҚОЙЫЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНДЕГІ ЛАУХАЛАР ТАРИХИ ОРНЫНА ҚОЙЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.11.20201 165 Views

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Қазандық бөлмесінде «Қасиетті лауханың жаңғырылуы» шарасы өтті.

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында көрсетілген басымдылықтар негізінде тарихи лаухаларды (тудың басы) орнатуға арналған шараға Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

    Шара барысында қала басшысы Рашид Абатұлы тарихи маңызға ие жәдігерлерді қайта жаңғыртып, өз орнына орналастырған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне алғыс білдірді.

    -«Бүгін  — өткенімізді қайта жаңғыртып, жоғалтқанымызды тапқан ерекше күн. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздан бастап мұсылман әлеміне мәшһүр Ахмет есімімен әйгілі шайықтардың есімдері жазылған  лаухалар  Тайқазанның айналасына, яғни тарихи орнына қайта орнатылды. Төл жәдігерлерімізді, тарихымызды түгендеп, насихаттау болашақ ұрпақ үшін маңызды мұра болып қалары сөзсіз. Тарихымызды тану, жаңғырту жолындағы маңызды күнмен баршаңызды құттықтаймын»,-деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.

     Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазанды қоршай орналасқан он лауха жөнінде  1871-1872 жж. орыс саяхатшысы А.Л.Кунның альбомында және М.Е.Массон 1928 жылы Түркістанға арнайы келген сапарында: «Тайқазанның он құлағына жылқы қылымен ұшталған, кейбірі жарты ай секілді иіліп біткен, темірмен қапталған ұзын он лауха бекітілген» — деп жазады.  1935-1940 жылдары кесене қараусыз қалған тұста он лауха қолды болғандығы жайында деректер кездеседі. Ғалым П.Н.Ахмеровтің «Ахмет Ясауи мөрінің жазбасы» атты еңбегінде он лауһаларда және мөрде мұсылман әлеміне белгілі  Ахмет есімімен әйгілі болған шайықтардың есімдері жазылғандығы айтылады. Олардың берілу тәртібі мынандай:

    1. «Ахмет (яғни Мұхаммед (с.а.у.)-Алланың елшісі».
    2. «Шайық Ахмет Ханбал».
    3. «Ахмет Хейрун-насаж» (тоқымашылардың ең үздігі).
    4. «Шайық Ахмет Аркам» (шұбар ала).
    5. «Шайық Ахмет Хазрави».
    6. «Шайық Ахмет Равия» (Равиялік).
    7. «Шайық Ахмет Мұхтар» (таңдаулы).
    8. «Шайық Ахмет Хами» (сақтаушы).
    9. «Шайық Ахмет Кабир» (ұлы).
    10. «Шайық Ахмет Сағари»-деп аталады.

    Шараға қатысушылар «Қасиетті лауханың тарихы» көрмесін тамашалады.

     «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.