Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды
    Айғақ MEDIA

    Ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.11.2020770 Views

    Жемісті жылдың жетістіктері паш етілген биылғы «Алтын күз» мерекесі Түркістан облысы әкімдігінің мəдениет орталығында өтті. Мерекелік шараға ауыл шаруашылық еңбеккерлері мен шаруа қожалық төрағалары мен аудан қала əкімдері қатысты. Ал мерекеде сөз алған облыс əкімі Өмірзақ Шөкеев барша аграрлық сала еңбеккерлерін жылдық қорытынды мерекемен құттықтап, салада жоғары нəтиже көрсеткен аудан-қала əкімдеріне жəне еңбек озаттарына арнайы марапаттарды табыс етті. Айта кетсек еліміздің ауыл шаруашылығында Түркістан облысының үлесі 12% — ды құрайды. Әлемде және елімізде орын алған карантиндік шараларға қарамастан, жыл басынан бері 706,1 мың тонна өнім экспортталып, 90,5 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 692 мың тонна және мал шаруашылығы өнімдері 14 мың тоннаны құрайды.


    Облыс экономикасының басты драйвері – ауыл шаруашылығында жыл басынан бері 522,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 103,5%-ды құрады. Барлық шаруашылықтарда мал басы көбеюде. Атап айтқанда, ірі қара мал басы 1,1 млн бастан, қой мен ешкі – 4,4 млн бастан асады. Түйе 16,2%-ға артып, 34,1 мың бастан асқан. Ал ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 158,4 мың тоннаны құраса, сүт өндіру 600,5 мың тоннадан асқан.
    Республикада ірі қара мал етін экспорттау бойынша облыс 1 орында. Өзбекстан, Ресей елдеріне 5343,8 тонна сиыр еті, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Ресей елдеріне 301,1 тонна қой еті, Өзбекстан, Ресей елдеріне 33,8 тонна жылқы еті экспортталған. Сонымен қатар, Ресей, Украина, Белоруссия елдеріне 133,4 мың тонна бақша өнімдері экспортталды. 1690,8 тонна балық өнімдері Еуропа (Германия, Литва) және Ресей, Украина, Өзбекстан елдеріне 13 тонна шұжық өнімдері және 1876,9 тонна құс еті Ресейге экспортқа шығарылған.
    Сонымен биылғы «Алтын күз 2020» мерекесінде ала жаздай дала төсінде еңбек етіп мол өнімге қол жеткізген еңбек озаттары мен үздік нəтиже көрсеткен аудан қала əкімдері арнайы марапаттарға ие болды.
    Ал ауыл шаруашылығының барлық көрсеткіштерін орындауда Қазығұрт ауданы көш басынан көрінсе, екінші орын Отырар ауданы, ал үшінші орынға Сайрам ауданы лайық деп танылды. Шардара ауданында балық шаруашылығымен айналысатын «Хамит» ӨК-нің төрағасы Бахытжан Серманизов «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.