Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«ALTYN KÙZ — 2020»: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    «ALTYN KÙZ — 2020»: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.11.20201 197 Views

    Түркістан облысы әкімдігінде жемісті жылдың жетістіктері паш етілген биылғы «Altyn kùz – 2020»  мерекесі өтті. Мерекелік шараға ауыл шаруашылық еңбеккерлері мен шаруа қожалық төрағалары, аудан-қала əкімдері қатысты. Аграрлық сала еңбеккерлерін жылдық қорытынды мерекесімен құттықтаған Өмірзақ Шөкеев жоғары нəтиже көрсеткен аудан-қала əкімдеріне жəне еңбек озаттарына арнайы марапаттарды табыс етті, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    «Ауыл шаруашылығын дамыту бұл – стратегиялық маңызды бағытымыз саналады. Пандемияға байланысты кедергілер болғанымен, биыл қол жеткізген жетістіктеріміздің көрсеткіші жоғары. Алдағы уақытта да жаңа технологияларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығы саласын ілгері дамытуымыз қажет. Осы орайда, аймақтағы балық шаруашылығының үлесі республика бойынша 70 пайызын құрайтынын атап өткім келіп отыр. Сала мамандарының еңбекқорлығы бүкіл елді таң қалдыруда»,- деді аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев.

    Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттары мен үздік нəтиже көрсеткен аудан қала əкімдері арнайы марапаттарға ие болды. Сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің «Алғыс хатымен», Мақтаарал, Жетісай аудандарында төтенше жағдайды қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін  Мақтаарал аудандық «Ветеринариялық қызмет» кәсіпорнының басшысы Омархан Нұрашов марапатталды. Апат кезінде 931 бас ауыл шаруашылығы жануарларының өлекселері шығарылып жойылды. 445,3 гектар аумақ залалсыздандырылып, ветеринариялық қауіпсіздік сақталды.

    Ал ауыл шаруашылығының барлық көрсеткіштерін орындауда Қазығұрт ауданы көш басынан көрінді. Ауданда жалпы өнім көлемі 39,5 млрд.теңгені құрап 4,7 млрд.теңгеге артқан. Егіс көлемі 4,1 мың гектарға артып, 8,37 гектарға жылыжайлар салынған. 500 гектарға жаңбырлатып суғару технологиясы ендірілді. Екінші орынға Отырар ауданы лайықты деп танылды. Мұнда жалпы өнім көлемі 22,9 млрд.теңгені құрап, 4,5 млрд.теңгеге артқан. Негізгі капиталға 1,5 млрд.теңге инвестиция тартылып, 3360 бас асыл тұқымды аналық ірі қара мал шет елдерден импортталған.

    Облыс бойынша алғашқы шептен көрінген Сайрам ауданында жалпы өнім көлемі 73,7 миллиард теңгені құрап, 6,9 млрд.теңгеге артқан. Негізгі капиталға 2,6 миллиард теңге инвестиция тартылды. Тамақ өнеркәсіпбіне 630 миллион теңге инвестиция тартылған.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.