Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов «Бірлік» елдімекеніндегі ақсақалдармен кездесіп, стадион мәселесі ерекше назарында екенін жеткізді.
Бір топ ақсақал сол кездегі қолданыстағы Рақымшылық Заңы мен Бірлік ауылы әкімінің заңсыз шешімімен халық игілігіндегі жердің жекеменшікке өту мәселесін көтерді. Рашид Абатұлы: «Стадион емес, халықтың жері қайтарылсын» деп айтқанымыз дұрысырақ болар. Себебі, қандай жер болсын, оның бәрі — халықтың жері. Біз де өз тарапымыздан халық игілігіне берілуі үшін барлық қолдан келгенше қолдау көрсетіп жатырмыз. Жуық арада, бұл жерде балалар ойнап, асыр салар күн де алыс емес», — деген ойын білдірді.Ақсақалдар аталған орында наурыз мерекесін думандатып, қуанышты күндердің бірден-бір бастамашысы боларына сенімді екендіктерін айтты.
Айта кетейік, «Бірлік» елдімекеніне қарасты стадион аумағына 5 жер учаскесі беріліп, мемлекеттік АКТ-лер рәсімделген болатын. Сотқа талап-арыз беріліп, кейбірінің шешімдері шықса, кей жер меншігіне қатысты сот процестері Түркістан қалалық сотының өндірісінде қаралуда.