Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ҚҰРАМЫ 70 ПАЙЫЗҒА ЖАҢАРАДЫ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ҚҰРАМЫ 70 ПАЙЫЗҒА ЖАҢАРАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.11.20201 168 Views

    2021 жылы Түркістан облыстық мәслихатындағы депутаттар корпусы 70 пайызға жаңарады. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясында белгілі болды. Конференцияны облыс әкімі, партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев жүргізіп, биылғы праймериздің саяси сананы жаңғыртудағы маңызды қадам болғанын атап өтті, — деп хабарлайды «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
    «Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен елімізде алғаш рет жаңа форматта өткізілген праймериздің қорытындысы бойынша партиямыз тегеурінді тұлғалармен толықты. Сіздер депутаттыққа үміткер ретінде саяси додаға қатысқалы отырсыздар. Қалың елдің, партияластардың қолдауымен осындай мүмкіндікке ие болдыңыздар. Сондықтан сенімді ақтауға міндеттісіздер. Сіздердің қызметтеріңіз Түркістан облысының дамуы мен өркендеуіне зор ықпал етеді деген ойдамын!», – деді ол.


    Конференцияның күн тәртібінде 4 мәселе талқыланды. Олар: Партияның Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту; Пікірсайыс қорытындылары бойынша кандидаттар үшін дауыс беру; Түркістан облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту; «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХX Съезіне делегаттарды сайлау.


    Сайлау туралы жаңа заңға және партияның праймериз қортындысына сәйкес, алдағы сайлаудан кейін Түркістан облыстық мәслихаты кемінде 80 пайызға өзгеріске ұшырайды деген болжам бар.
    2021-2026 жылдар арасында, яғни, 7 шақырылымда облыс, аудан, қала бойынша 320 мандат беріледі деп күтілуде. Оның 275-і аудандық және қалалық мәслихатқа жіберілсе, 45 депутат облыстық мәслихатқа сайланбақ. Жиында облыстық мәслихат депутаттығына партиясы атынан ұсынылған үміткерлер тізімін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев таныстырды. «Nur Otan» партиясы 45 орынға 84 кандидаттың тізімін ұсынып, ол бірауыздан бекітілді.
    Бұған дейін облыстық мәслихаттағы 45 мандаттың небәрі 1-еуі ғана әйел депутатқа тиесілі болса, енді әйелдердің саны 30 пайызға дейін артады. Ал қазіргі шақырылымда 35 жасқа дейін бірде-бір депутат жоқ болса, енді ол 20 пайызға артпақ. Оған қоса алдыңғы шақырылымдағы 45 депутаттың 24-і бұл саяси додадан қалыс қалып отыр. Мәслихаттың 50 пайызы әйелдер мен жастар арқылы жаңарып, қалған тобы праймеримз қорытындысы бойынша үздік атанғандармен толығады. Яғни, облыстық мәслихат кемінде 70 пайызға жаңарады.
    Жиында «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы делегаттардың қолдауымен бекітілді. Туристік және рухани орталық, агроөнеркәсіп кешені мен өнеркәсібі дамыған жоғары транзиттік аймақ болғандықтан «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында жоғарыда аталған салаларға ерекше мән берілді. Тарихи қалада қызметтік сервис сапасын арттыру, туризм нысандарын дамыту үшін инфрақұрылымды жетілдіру бірінші кезектегі міндет болып табылады.
    Бағдарлама ашық көздерде жарияланып, праймериз кезінде бір жарым ай кең көлемде талқыланды. Осы уақытта аймақ тұрғындарынан 564 аманат пен ұсыныс түсті. Оның ішінде 99,6%-ы (562) сайлауалды бағдарлама жобасына қатысты ұсыныстар. Олардың 77%-ы (430) партияның аумақтық филиалдарының сайлауалды бағдарламалары жобаларында қарастырылған. 8% (46) ұсыныстар жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен қызмет көрсететін кәсіпорындар арқылы жедел шешілді. Қалған 15% (86) ұсыныстар партияның аумақтық филиалдарының сайлауалды бағдарламаларының жобаларына 7 бағыт бойынша қосымша енгізілді.
    Конференцияда сайлау алдындағы штаб басшысы мен екі орынбасарының кандидатурасы ұсынылды. Штаб басшысы болып Б.Тәжібаев сайланды. Сонымен бірге «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХX съезіне қатысатын 30 делегат та сайланып, тізімі бекітілді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.