КӘСІПКЕ ҚАНАТ БІТІРГЕН ҚАРЖЫ
Кәсіп бастауға ниетті жандар үшін жағымды жаңалық. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін екінші деңгейлі банктерден 12,6 пайыздық мөлшерлемемен 200...
Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді. Мемлекет басшысы Жолдауының жүзеге асуы және Түркістан қаласын дамыту барысы бойынша баспасөз конференциясы жаңа форматта өтті.
Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы Конгресс Холл ғимаратында өткен көшпелі брифингте облыс әкімі Ө.Шөкеев осындай жақсы бастаманы қолдап, іске асырған ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне алғысын білдірді. Облыс басшысы өңірдің 10 ай ішіндегі экономикалық-әлеуметтік ахуалына кеңінен тоқталды. Түркістанның ертеңі бойынша жоспарланған іс-шаралармен бөлісті.
«Облыс экономикасының басты драйвері – ауыл шаруашылығында жыл басынан бері 522,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 103,5%-ды құрады. Барлық шаруашылықтарда мал басы көбеюде. Атап айтқанда, ірі қара мал басы 1,1 млн бастан, қой мен ешкі – 4,4 млн бастан асады. Түйе 16,2%-ға артып, 34,1 мың бастан асты. Ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 158,4 мың тоннаны құрады, сүт өндіру 600,5 мың тоннадан асты», — деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.
Республикада ірі қара мал етін экспорттау бойынша облыс 1 орында. Өзбекстан, Ресей елдеріне 5343,8 тн. сиыр еті, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Ресей елдеріне 301,1 тн. қой еті, Өзбекстан, Ресей елдеріне 33,8 тн. жылқы еті экспортталды. Сонымен қатар, Ресей, Украина, Белоруссия елдеріне 133,4 мың тонна бақша өнімдері экспортталды. 1690,8 тонна балық өнімдері Еуропа (Германия, Литва) және Ресей, Украина, Өзбекстан елдеріне 13 тонна шұжық өнімдері және 1876,9 тонна құс еті Ресейге экспортқа шығарылды.Кәсіп бастауға ниетті жандар үшін жағымды жаңалық. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін екінші деңгейлі банктерден 12,6 пайыздық мөлшерлемемен 200...
Шығармашылық идеядан басталады. Ал сол идеяны табыс әкелетін жобаға айналдыру үшін білім мен дұрыс бағыт қажет. Шымкентте осы мақсатты көздейтін...
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...
Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...
Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...
Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.