Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 7 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 7 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.11.2020391 Views

    COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай өзгерістер алып келді. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласында өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз-мәслихатында өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

    Өңірде 78,5 млрд теңгеге денсаулық сақтау саласының 7 нысаны салынуда. Сондай-ақ 8 нысанның күрделі жөндеуіне 1 млрд 235 млн теңге бөлінді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей медициналық инфрақұрылымды дамыту басым бағыттардың бірі. Бұл тұрғыда ел көлемінде салынып жатқан 13 жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасының біреуі Түркістан қаласында бой көтеруде, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз-қызметі

    200 төсек орынға арналған жұқпалы аурулар ауруханасы таяуда пайдалануға беріледі.  Қысқа мерзім ішінде барлық талапқа сай салынып жатқан модульді инфекциялық аурухана қажетті заманауи құрал-жабдықтармен және штатпен қамтылады. Жалпы, пандемиямен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді.  Сонымен қатар, 5 мыңға жуық медицина қызметкеріне 7,2 млрд теңге көлемінде үстемеақы төленді, тағы 483 медицина қызметкеріне жергілікті бюджеттен 181,9 млн теңге сомасында үстемеақы берілді.

    Сондай-ақ, Түркістан облысында кадр тапшылығы бар. Бүгінгі таңда, облыстың медицина ұйымдарына 174 маман, оның ішінде: кардиолог, невропатолог, оторинларинголог, анестезиолог-реаниматолог, жалпы тәжірибелі дәрігер, педиатр, окулист, онколог дәрігер мамандары  қажет.  Маман тапшылығын шешу мақсатында биыл жоғары оқу орындарынан 131 бітіруші түлек медициналық ұйымдарға жұмысқа жолданды.  Шалғай ауылдарда еңбектенуге ниет білдірген 45 жас маманға  1 500 000 теңге әлеуметтік қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 1746 медицина қызметкерлері білім жетілдіріп, оның ішінде 44 дәрігер Ресейде біліктілік арттырды.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.