Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»1 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП ТҮРКІСТАНҒА ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ҰШУДЫ БАСТАЙДЫ
    Айғақ MEDIA

    1 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП ТҮРКІСТАНҒА ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ҰШУДЫ БАСТАЙДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.11.2020426 Views

    1 желтоқсанынан бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Түркістан қаласына әуе рейстері ұшуды бастайды. Алғашқы рейс Нұр-Сұлтан – Түркістан – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша орындалады. Азаматтық авиация комитеті Түркістан қаласының әуежайына тұрақты рейстер ашу бойынша жұмыс жүргізуде.

    Бастапқы кезеңде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркістанға күн сайын рейстер орындау жоспарланып отыр. Рейстерді 3 қазақстандық «Fly Arystan», «SCAT» және «Qazaq Air» әуе компаниялары орындайды. «Fly Arystan» әуе компаниясы бұл бағыттар бойынша әуе билеттерді сатуды бастады. Fly Arystan» рейстеріне әуе билеттердің бағасы Нұр-Сұлтан және Түркістан қалалары арасында 6999 теңгеден және Алматы мен Түркістан қалалары арасында 5999 теңгеден басталады, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Түркістан қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан халықаралық әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес салынған. Әуежайдың жалпы ауданы – 905 гектар болса, ұшу-қону жолағы – 3 300х45 метр. Жолаушылар терминалының ауданы – 10,5 мың шаршы метр.

    Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жаңа әуежай құрылысының жобасы қазіргі Түркістанның ауқымды құрылысының ірі және маңызды нысандарының біріне айналды. Шетелдік инвесторлар құрылысты рекордтық мерзімде аяқтады.

    Алдағы уақытта Қазақстанның басқа да облыс орталығымен байланыс орнатылады. Сондай-ақ, Мекке мен Стамбулға рейстер ашу жоспарланған. Әуежай шетелдік авиакомпаниялардың ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне қосылады. Бұл әуежайдан ұшу географиясын кеңейтіп, шетелдік туристер ағынын тартуға ықпал етеді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.