Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Түркістан: Келесте 1 млрд. теңгеге жуық қаржыға ірі 3 жоба іске асырылады
    Агро

    Түркістан: Келесте 1 млрд. теңгеге жуық қаржыға ірі 3 жоба іске асырылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.11.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы Келес ауданында өндірілген өнім көлемі 49,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 113,6 пайызға немесе 5,9 млрд. теңгеге артты. Оның 70,7 пайызы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауданда 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылаған Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев мәлімдеді.
    Оның айтуынша, жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің жоспары 110,6 пайызға орындалған.
    «Аудандағы ауыл шаруашылығы саласындағы өндірілген өнім көлемі 34,7 млрд. теңгеге жетіп, былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 105,6 пайызға артты. Осы тұста айта кету керек, ірі қара мал 71,3 мың басқа, жылқы 22,4 мыңға, қой ешкі 397,9 мыңға, құс 39,8 мыңға және түйе 400 басқа жетті. Нәтижесінде 10,5 тонна ет, 41,2 мың тонна сүт, 2,3 мың тонна жұмыртқа өнімдері өндірілді. Ал, егін шаруашылығы бойынша егістік көлемі 24,3 мың гектарға кеңейтіліп, 800 гектарға артты. Ол жерлерден 12,2 мың тонна өнім өндірілді», – деді аудан әкімі.
    Одан бөлек, аудан әкімі кәсіпкерлік саласында «Индустриялды — инновациялық даму» бағдарламасы аясында жалпы құны 998,4 млн. теңгені құрайтын 3 жобаны іске асыру жоспарланып жатқанын жеткізді. Өткен жылы құны 100 млн. теңгеге 1 жоба жүзеге асырылып, 15 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, құны 250 млн теңгені құрайтын 1 ірі жоба іске қосылды.
    Аудандағы жұмыссыздықтың деңгейі 4,8 пайызды құраған. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша нақты 75 азамат жұмысқа тартылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 51 жұмысқа орналастырылды.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.