Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Түлкібас ауданына 7 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған
    Агро

    Түлкібас ауданына 7 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.11.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл Түлкібас ауданына тартылған инвестициялар көлемі 7 млрд. 743 млн. теңгені құраған. Оның  ішінде 2 млрд. 584 млн. теңге республикалық бюджет есебінен, 1 млрд. 520 млн. теңге жергілікті бюджет есебінен, ал 3 млрд. 618 млн. теңге кәсіпорындардан және халықтың  өз  қаржысы  есебінен тартылған.  Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Байғұт Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
    Ауданда бүгінгі таңда 32  кәсіпорын  жұмыс  істеуде. Осы кәсіпорындармен 10 млрд. 321 млн. теңгенің  өнімі  өндірілген. Әлеуметтік  жұмыс орындарын ұйымдастыру  бойынша аудан көлеміндегі 16 жұмыс беруші мекемелерімен келісім-шарт түзіліп, 154 азамат жолданған.
    «Биыл ауданда жалпы 54 көше толығымен жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға беріліп отыр. Соның ішінде Састөбе және Түлкібас кентіндегі 30 көше «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жөнделген. Ішкі көшелердің қанағаттандырарлық жағдайы 80 пайыздан асып отыр. Сондай-ақ, түнгі жарықтандыруды бірінші кезекте қажет ететін 15-ке жуық көшеге заманауи жарық шамдар орнатылды. «Қамқорлық» жобасына қатысушы 93 отбасыға 215 млн. теңгеден астам қаржыға түрлі көмектер көрсетілді. Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен 21 отбасы баспанаға қол жеткізген. Соның ішінде 6 отбасыға демеушілір есебінен тұрғын үй берілсе, 15 отбасыға мемлекеттік бағдарламамен пәтер кілті табысталды. Сондай-ақ, 9 отбасының тұрғын үйі демеушілер есебінен жөндеуден өтті»,-деді Нұрлан Мархабатұлы.
    Аймақта мал шаруашылығында ағымдағы жылы 10-15 басқа арналған 76 шағын малбордақылау алаңдары, 5-10 бастық 24 жанұялық сүт фермасы құрылған. Сонымен қатар, Келтемашат ауылдық округінде «Ақбиік Агро»  АӨК сыйымдылығы  600 бас түйетауық өсіретін ферма ашылып, жұмыс жүргізуде. Алма бағы шаруашылығын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған даму концепциясына сәйкес, қосымша алма бау көлемін 760 гектарға  ұлғайтып, барлығы 3355 гектар аумаққа  жеткен. Ағымдағы жылы ауданда 30 300 тонна жеміс-жидек жиналды.
    Ал, туризм саласын жандандыру бағыты да басты назарда.  Ауданда 33 туристік нысан жұмыс жасайды. Ауданның даму бағдарламасына сәйкес, 2020 жылы ауданға жалпы 19 500 турист келеді деп жоспарланса, бүгінгі таңда 2017 турист келген. Дүние жүзін алаңдатқан COVID-19 індетінің таралуына тосқауыл қою мақсатында, орын алып жатқан карантиндік шектеулерге байланысты жоспар 40 пайызға орындалады деп күтілуде.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.