Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Арыс қаласында халықтық кеңсе ашылды
    Айғақ MEDIA

    Арыс қаласында халықтық кеңсе ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.11.2020562 Views

    Арыс қаласында халықтық кеңсе ашылды. Қалалық әкімдік жанынан ашылған ғимаратта тұрғындарға мемлекеттік қызметтің 70 шақты түрі көрсетіледі. Сондай-ақ орталықта шешімін таппай, халықты толғандырып жүрген мәселелер мен жергілікті билікке қатысты арыз-шағымдар да қаралады. Жаңа кеңсе толықтай заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Электронды кезекке тұрып, ғаламтор арқылы ақпарат алуға болады. Игілікті істер тек мұнымен шектелмейді. Осы орайда халықтық кеңсенің ашылу рәсіміне қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мен Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек  жаңа ғимараттың  лентасын қиды. Айта кету керек әкімдік жанындағы кеңседен қалалық әкімдікке қарасты алты бірдей бөлімнің мамандарына орын берілген. Олар өз салалары бойынша кеңсеге келген азаматтарға қызмет көрсететін болады.


    Айталық бұған дейін жергілікті тұрғындар білім, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары бойынша туындаған мәселелермен қалалық әкімдік және салалалық мекемелердің табалдырығын тоздыратын. Сөйтіп жүріп, уақытын жоғалтатын. Енді олай сабылудың қажеті жоқ. Барлығын бір күнде бір жерден тындыруға болады. Қала әкімінің айтуынша, кеңсе жылына бірнеше мыңдаған астам азаматтың өтінішін қабылдауға қауқарлы. Алдағы уақытта халықтық кеңсе арқылы көрсетілетін қызмет түрлерін ұлғайту межесі де күн тәртібінде тұр.

    aigak.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.