Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкент: Үкіметтік емес ұйымдармен барлық мемлекеттік мекеме бірігіп жұмыс істеуі керек
    Айғақ MEDIA

    Шымкент: Үкіметтік емес ұйымдармен барлық мемлекеттік мекеме бірігіп жұмыс істеуі керек

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.11.2020936 Views
    Бұл туралы Шымкент қаласында «Қоғам және мемлекет: Серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» атты II Азаматтық форумында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан айтты.
    – Құрметті форумға қатысушылар! Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы бүгінгі форумның ашылу рәсімінде азаматтық сектордың қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Сол себепті үкіметтік емес ұйымдармен бір басқарма емес, барлық мемлекеттік мекеме жұмыс істеуі керек. Сонда ғана үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік саясатқа ықпалы қалыптасады. Осы орайда біз саяси қызметші ретінде мемлекеттік ереженің сақталуын қамтамасыз етіп, ал қоғамның түйткілді мәселесін шешу жөнінде сіздерден кеңес сұрауымыз керек. Айтайын дегенім – мемлекеттің көп функциясын үкіметтік емес ұйымдар атқаруы тиіс. Ол үшін бізге ҮЕҰ жұмысын кәсіп емес, миссиям деп қарайтын тұлғалар қажет. Яғни ҮЕҰ мүшелері бір мәселемен айналысып, нақты нәтижеге жетіп, сол саланың сарапшысы болуы шарт, – деді Шыңғыс Мұқан.Шыңғыс Жұмабекұлының сөзінше, қалада 800-ге жуық үкіметтік емес ұйым бар. Бірақ бәрі белсенді емес. Оның ішінде 33-і «Қазақстанның азаматтық альянсымен» тығыз қарым-қатынаста. Сол себепті қала әкімінің бірінші орынбасары ҮЕҰ өкілдеріне «Азаматтық альянс» үлкен платформа екенін атап өтіп, олармен тығыз жұмыс істеуге шақырды.Айта кетейік, форумға ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ Президенті Бану Нұрғазиева, Шымкент қаласы Мәслихатының хатшылығы және «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент қаласының ҮЕҰ өкілдері қатысты.
    Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.