Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»ТҮРКІСТАНДА АҒЫН СУ ШЫҒЫНЫ РЕТТЕЛУДЕ
    Агро

    ТҮРКІСТАНДА АҒЫН СУ ШЫҒЫНЫ РЕТТЕЛУДЕ

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.11.2020916 Views

    Түркістан қаласының аумағын көгалдандырып, егістік алқапты суаруға үлкен үлесі тиетін Түркістан магистральдық арнасы бүгінде күрделі жөндеуден өткізілуде. Жоспар бойынша 59 шақырымы бетонмен қапталады. Соның нәтижесінде 60 млн/м3 су үнемделетін болады. Облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралаған аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев, аталмыш нысанның жұмыс қарқынын бақылады.«Түркістан магистральдық арнасы арқылы қала ішіндегі демалыс аймақтары да суғарылатын болатын. Оған қоса қала аумағындағы 8 шақырымы абаттандырылып, демалыс аймағы, веложолдар салыну көзделуде. Қазір каналдың 14 шақырымы бетондалған. Нәтижесінде биылғы жылдың өзінде 11 млн/м3 ағын су үнемделген»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы. Өңірдегі тағы бір маңызды жобалардың бірі — сыйымдылығы 18 млн.м3 құрайтын «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасының құрылысы. Бүгінгі таңда үлкен бөгет құрылысы 12 метр биіктікке көтеріліп, шағын бөгет және дренаж призмасы толығымен салынған. Нәтижесінде мұнда жылына 34 млн м3. ағын су жиналады.Ал, Арыс-Түркістан магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу жобасы қарастырылған. Бұл  Түркістан магистралды каналына жылына қосымша 80 млн.м3 ағын су жеткізуге мүмкіндік беретін болады. Бүгінгі таңда жобаға техника-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптама қарауына енгізілді. Су арналарын қалпына келтіру жұмыстары Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсартып, шағын-орта бизнесті және туризмді дамытуға жол ашары сөзсіз. Сондай ақ, 15 мың гектар жайылым жерге су жеткізумен қатар, балық шаруашылығын дамыту қолға алынады.        Соңғы екі жылда облыстық бюджет есебінен 243 шқ 61 каналға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 42 дана тік ұңғымалар қалпына келтірілді. Нәтижесінде 44,3 мың гектар суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарған. Ағын суды үнемдеу технологияларын енгізе отырып, Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы іске асырылуда.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.