Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан қаласындағы демалыс орындары 100 гектар аумақты құрайды
    Айғақ MEDIA

    Түркістан қаласындағы демалыс орындары 100 гектар аумақты құрайды

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.11.2020699 Views

    Түркістан қаласының аймағы ну орманға айналады. Қазірде шаһарда жалпы алаңы 101 га құрайтын 24 саябақ, алаң және аллеялар бар. Оның ішінде 70 га жуық аумаққа жайғасқан 13 нысанның құрылысы бір жылда бітті. Жалпы алаңы 30 гектардан асатын 3 нысанның құрылысы қарқынды жүруде. Солардың бірі – дендросаябақ. Қаладағы құрылыс жұмыстарының барысын бақылаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жасыл алаңдағы жұмыс барысымен танысты. Демалыс аймағындағы құрылысты көтеруге 400 адам жұмылдырылған. Бірегей жобаның жай-жапсарына тоқталған өңір басшысы қаланы жасыл желекке айналдыруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.«Көгалдандыру ісі киелі шаһарды жел эрозиясынан сақтап, экологиялық ахуалын тұрақтандыру үшін, ең бастысы қолайлы климат қалыптастыру мақсатында жасалып жатыр. Егілетін ағаштар жергілікті климатқа төзімді болу керек. Газондар өсіріліп, жолаяқтар төселсін. Дендробақты заманауи, ең бастысы халыққа ыңғайлы демалыс кешеніне айналдыруға тиіспіз», — деді Өмірзақ Естайұлы. Облыс орталығындағы Рухани-мәдени орталықты абаттандыру мақсатында ірі жобалар қолға алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ «Тұңғыш Президент саябағы», «Қ.А.Ясауи» кесенесі аумағын абаттандыру 4 кезеңмен жүзеге асуда. Қазіргі таңда 1 және 2 кезең бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Өткен жылы құрылысы басталған Б.Саттарханов даңғылы бойындағы «Желілік саябақ», «Аттракциондар саябағы», «Оқушылар сарайы», «Конгресс орталығы», «Жабық бассейні бар спорт сарайы», «Орталық стадион» және «Қ.А.Ясауи мұражайы», «Драматеатр» ғимараттары шаһардың көрнекті орындарына айналды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.